• 23 июня, 2024 8:40 пп

Түркістан облысында жұмыспен қамту жұмыстарының деңгейі!

Автор:admin

Дек 17, 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзартылып, еңбекақысы 91 890 теңгеге жетті. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі 18 айға дейін ұзартылып, айлық мөлшері 91 890 теңгеге өскен. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді.

Өткен жылы облыстық бюджет есебінен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен — 229 адам, ал «Жастар практикасы» жобасымен — 5500-ден астам азамат жұмысқа орналастырылған.

«Биыл «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасының іске асырылуы жанданады. Аталған Ұлттық жобаның басты мақсаты -азаматтардың өз ісін ашу мен дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау. Ұлттық жоба 10 міндеттен тұрса, оның 3-і халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған», — деді Әсия Құралқызы.

Жалпы биыл халықты жұмыспен қамту шараларына 70 мың адамды тарту жоспарланса, 240 мыңнан астам аз қамтылған азаматтарды қолдау көзделген. Түркістан облысындағы халықты жұмыспен қамту шараларына 70 мың адам тартылады, деп хабарлайды Jsk.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзартылып, еңбекақысы 91 890 теңгеге жетті. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі 18 айға дейін ұзартылып, айлық мөлшері 91 890 теңгеге өскен. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді.

Өткен жылы облыстық бюджет есебінен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен — 229 адам, ал «Жастар практикасы» жобасымен — 5500-ден астам азамат жұмысқа орналастырылған.

«Биыл «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасының іске асырылуы жанданады. Аталған Ұлттық жобаның басты мақсаты -азаматтардың өз ісін ашу мен дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау. Ұлттық жоба 10 міндеттен тұрса, оның 3-і халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған», — деді Әсия Құралқызы.

Жалпы биыл халықты жұмыспен қамту шараларына 70 мың адамды тарту жоспарланса, 240 мыңнан астам аз қамтылған азаматтарды қолдау көзделген.

Түркістан облысында биыл 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде «Еңбек» бағыты бойынша 70 250 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделген. Ұлттық жобалар аясында жаңадан ашылатын жұмыс орындарына 7 086 адам жұмыспен қамтылады. Жеке бастамалар арқылы 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тартылады. Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша Түркістан облысында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұл туралы апталық аппарат отырысында Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, үш бағыттағы жұмыспен қамту шаралары аясында 47 мыңнан астам адам немесе 54 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

Халықты жұмыспен қамту мен кірісін қамтамасыз етуге басымдық беруді айтқан облыс әкімі, жұмыспен қамтудың жаңа үлгісі – жаппай кәсіпкерлікті дамытуды міндеттеді. Бұл бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаржыны барынша тиімді пайдаланып, міндетті зейнетақы төлемдерінің кешіктірілуіне жол бермеуін жүктеді. Жаңадан қолға алынған пилоттық жобалар негізінде алыс — жақын шетелдік компанияларды инвестиция салуға тартуды тапсырды.

— Жұмыс орындарын ашу – әкімдердің ең маңызды міндеті. Әр ауылдан шағын және орта бизнес көзін дамыту керек. Өңір халқының табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да өз жалғасын табатын болады. Халықтың табысын арттыру бойынша «Түркістан облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы» жобасы бекітіліп, нәтижесінде, жалпы 144 мыңдай жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз маңызды,-деді облыс әкімі.

 

Ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылатын барлық жобаларда жұмыс орындары ашылуы көзделген. Олардың ішінен 429 жоба негізінде ашылатын

7086 жұмыс орны Еңбек Министрлігінің жанындағы «Электронды еңбек биржасына» тіркелуі бақылауға алынған. Бүгінде 300-ге жуық жоба аясында ашылған 3326 жұмыс орындары Электронды еңбек биржасында жарияланды, олардың 45 % -ы жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқандарға міндетті зейнетақы жарналары аударылады.

 

Еңбек министрлігінің ұсынған дерегіне сәйкес, 10 мың тұрғын саны негізіне 16-62 жас аралығындағы халық саны (1 085 391 адам) есепке алынып, Түркістан облысына 10 854 тұрақты жұмыс орындарын ашу межеленді. Оның басымы – жеке бастамалар, салық органдарында жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер, орта және шағын бизнесте ашылған жұмыс орындары негізге алынады. Биылдан бастап «Жастар тәжірибесі» жобасы шеңберінде 5 658 адамға 6,2 млрд. теңге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 386 азаматқа 436,7 млн. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ, жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 3,4 млрд. теңгеге 2 765 гранттар беру көзделуде. Арыс қаласының тұрғыны, 24 жастағы Айдос Досымжан ұзақ уақыт бойы өзіне лайықты жұмыс таба алмай жүрген. Жұмыспен қамту орталығында оған таңдау үшін бірнеше бос жұмыс орны ұсынылды және ол өз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа орналасуға шешім қабылдады.

«Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға бағдарлама бойынша жұмыс тапқан досым кеңес берді. Мен бес ай бойы әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеймін. Оның үш айында – ұйымның штатында тұрақты қызметкер ретінде қызмет етудемін. Өзіме ұнайды, перспектива бар», – деді жас жігіт.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тағы бір қатысушысы Әлімжан Хасан Жетісай қаласының Жастар ресурстық орталығында тұрақты жұмысқа орналасты. Осы өңірде, бірақ №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Эламан Тұрдымұратов орналасты.

Сонымен қатар, Түркістан облысында кәсіпкерлік бастаманы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданының тұрғыны Фатима Рузиева жеңілдетілген шарттармен микрокредит алып, 15 тігін машинасын сатып алып, камуфляж киімін тігетін цех ашып, қосымша 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Әрбір жүгінген адамға өзіне жақын сала бойынша барынша кең таңдау беруге тырысамыз. Жастар мен көпбалалы аналарға басымдық беріледі. Балаларды тәрбиелеуден қол үзбей, мемлекеттік грант қаражаты есебінен жеке ісін ашып, үйде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар», – деп атап өтті Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева.

Өңірдің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды 67 мыңнан астам адам алды. Осылайша, 2 мыңға жуық адам кәсіптік оқытудан өтті, кәсіпкерлік қызметті дамытуға гранттар мен жеңілдікті кредиттер 10,5 мың адамға берілді, тұрақты жұмыс орындарына 23,7 мың азамат, ал жастар практикасы бойынша 6 мың адам жұмысқа орналастырылды. Өңірдің 4 277 тұрғынына әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылды, 20,4 мың адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан бойынша «Еңбек» бағдарламасына 580,9 мыңнан астам адам қатысып, түрлі қолдау түрлерін алды. 379,5 мың адам жұмысқа, оның ішінде 231,5 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 198 мың адам жұмысқа тұрды, 12 мың жеңілдікті кредит және 34 мың қайтарымсыз грант берілді, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытудан 33,2 мың адам өтті.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Еңбек» бағыты бойынша 70 250 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделген. Ұлттық жобалар аясында жаңадан ашылатын жұмыс орындарына да 7 086 адам жұмыспен қамтылады. Жеке бастамалар арқылы 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылады. Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша Түркістан облысында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұл туралы апталық аппарат отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, үш бағыттағы жұмыспен қамту шаралары аясында 47 мыңнан астам адам (54%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

Халықты жұмыспен қамту мен кірісін қамтамасыз етуге басымдық беруді айтқан облыс әкімі, жұмыспен қамтудың жаңа үлгісі – жаппай кәсіпкерлікті дамытуды міндеттеді. Бұл бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаржыны барынша тиімді пайдаланып, міндетті зейнетақы төлемдерінің кешіктірілуіне жол бермеуді жүктеді. Жаңадан қолға алынған пилоттық жобалар негізінде алыс-жақын шетелдік компанияларды инвестиция салуға тартуды тапсырды.

– Жұмыс орындарын ашу – әкімдердің ең маңызды міндеті. Әр ауылдан шағын және орта бизнес нысандарын ашу керек. Өңір халқының табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да өз жалғасын табады. Халықтың табысын арттыру бойынша «Түркістан облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы» жобасы бекітіліп, нәтижесінде 144 мыңдай жұмыс орнын ашу жоспарланған. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз маңызды, – деді облыс әкімі.

Ұлттық жобалар аясында іске асырылатын барлық шараларда жұмыс орындары ашылуы көзделген. Олардың ішінен 429 жоба негізінде ашылатын  7086 жұмыс орны Еңбек министрлігінің жанындағы «Электронды еңбек биржасына» тіркелуі керек, бұл мәселе қатаң бақылауда. Бүгінде 300-ге жуық жоба аясында ашылған 3326 жұмыс орны Электронды еңбек биржасында жарияланды, олардың 45%-ы жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқандарға міндетті зейнет- ақы жарналары аударылады.

Еңбек министрлігінің ұсынған дерегіне сәйкес, 10 мың тұрғын саны негізіне 16-62 жас аралығындағы халық саны (1 085 391 адам) есепке алынып, Түркістан облысына 10 854 тұрақты жұмыс орындарын ашу межеленді. Ең бастысы – жеке бастамалар, салық органдарында жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнесте ашылған жұмыс орындары негізге алынады. Биылдан бастап «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында 5 658 адамға 6,2 млрд. теңге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 386 азаматқа 436,7 млн. теңге қаралды. Сондай-ақ, жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 3,4 млрд. теңгеге 2 765 грант беру көзделуде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында түрлі жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңға жуық жас қамтылатынын айтқан болатын. Берілген тапсырма шеңберінде Түркістан облысының Келес ауданында нақты істер атқарылып жатыр.

Биыл Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту оратылығының ұйымдастырумен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 5407 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланып, 2022 жылдың 8 айында 2890 азамат жұмыспен қамту шарасына қатыстырылып отыр. Бұл туралы аудандық халықты жұмыспен қамту оратылығының директоры Н.Темирбаева жалпы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мәлімдеді.

Келес ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, 57 жұмыс беруші мекемесінен 30 тұрақты бос жұмыс орнын, жастар практикасына – 86, «Күміс жас» жобасына – 6, қоғамдық жұмыстарына 67 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту үшін аудандағы 8 жұмыс берушіге 8 квота бекітіліп, 2 азамат жолданып отыр. Ал «Пробация есебінде тұрған» азаматтар үшін 7 жұмыс берушіге 7 квота бекітіліп, 2 азамат жолданды.

Айта кетейік, бұл жәрмеңкеден басқа, биыл бекітілген кестеге сәйкес екі рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген болатын.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin