• 15 октября, 2024 7:11 дп

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯДА БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАДЫ

Автор:admin

Ноя 17, 2021

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯДА БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАДЫ

Түркістан облысының медицина қызметкерлері біліктілігін шетелде арттырды. Медицина мамандары Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды. Аталмыш шара Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен жүзеге асты. Басты мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгертіп, біліктілігін арттыру.

Айта кетейік, біліктілігін шыңдау үшін Түркия еліне кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау қалаларынан және Ордабасы, Арыс, Бәйдібек, Түлкібас, Отырар, Сайрам, Жетісай аудандарының жалпы 30 медициналық қызметкерінен жасақталған.

Жиналған тәжірибе өңірдегі медицинаның сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. Жалпы, биыл Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 2445 медициналық қызметкер біліктілігін арттырды.

JsK ақпарат

Автор: admin