• 26 апреля, 2024 11:10 дп

Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов аудандағы жастар қозғалысының жетекшілерімен TedX форматында кездесу өткізді.

Автор:admin

Ноя 12, 2021

Бейресми кездесуге аудан әкімі, әкімдік қызметкерлері мен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Г.Қарсыбай және белсенді жастар қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты — адалдық негізінде жастарымыздың өзіндік бағдарын анықтауына жол көрсететін дұрыс тәлім-тәрбие беру.

Айта кетсек, ар тазалығы мен пайым-парасатты биік қоятын Әбдіғали Айтжанұлы ел жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және адал еңбекті өмірлік азық етуге қашанда басымдық беріп келеді.

Ол сөз сөзінде ел ертеңі өскелең жас буынның қолында екенін, ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың белсенділігі аса маңызды екендігін атап өтіп, жастар жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдыңғы қатарда болуы тиіс екендігін тілге тиек етті.

Шара барысында аудан әкімі мектептегі білім алған кездері, Парасат клубының жұмысында жастар мәселесіне қатысты сауалдардың қаралуы және оған жастардың қатысуы, әкім болудағы мақсаты, ұлттық құндылықтарды сақтауға байланысты ойларымен бөлісіп, жастардың өмір жолына оң бағыт-бағдар сілтеп, арман-мақсаттарын айқындауға мүмкіндік берді.

«Түркістан — жобалық кеңсе жетекшісі Гүлзия Нұрғалиқызы жобаның негізгі мақсатына кеңінен тоқталып, жетістікке жетудегі тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, туған жерлеріне, ауылдарына жанашыр азамат болу арқылы өзін-өзін жаңа қырынан дамытып, жас маман ретінде қалыптасатындарын, әлеуметтік дертпен күресте күш-жігерді біріктіріп, жастарды қоғамдық жұмыстарға деген белсенділігін арттыруға, адалдық алаңда бірлесе отырып жұмыс істеуге шақырды.

Парасатты тұлғамен өрбіген ашық сұқбат соңында белсенді жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұйымдастырушыларға ашық әңгіме мен жылы жүздесу үшін өз алғыстарын білдірді.

Автор: admin