• Пн. Дек 5th, 2022

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН ҚОСТАНАЙ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Окт 29, 2022

 

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай қаласына келді. Ол облыстық өлкетану мұражайында, А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте болып, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кандидат Қостанай қаласына сапарын ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етуден бастады.
Кейін Мейрам Қажыкен облыстық өлкетану мұражайына барып, Тобыл өңірінің құнды жәдігерлерімен танысты. Сонымен қатар, музей қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Артынша кандидат Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттерімен кездесіп, жастарды толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Қостанай қаласының жұртышылығымен өткен кездесулерден кейін Мейрам Қажыкен облыстық штабтың жұмысымен де танысты. Қазіргі таңда қоғамдық кеңесте 4 адам бар. Үгіт-насихат жұмыстарына еріктілер де тартылған.