• Пт. Дек 2nd, 2022

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында аудан прокуроры К.Нәрікбаев 12.10.2022ж. Шұбарсу ауылдық округінде Исламқұлов, Достық, Нұрлыбеков, Атамекен, Ынтымақ жалпы орта мектептерінің 433 оқушымен кездесу өткізді.
Құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шаралары, сондай-ақ өзге де оқушылар үшін маңызды сұрақтар талқыланды.
Тәрбиелік мәні бар бейне ролик көрсетілді, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маңызды жауап алды.
Осыған дейін мұндай кездесу Қажымұқан және Шұбар ауылдық округтерінде өткізілген.