• 13 октября, 2024 9:39 дп

Осы жылы автомобиль жолдары саласында 185 нысанда (347,8 шқ) жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Автор:admin

Май 10, 2022

 

Осы жылы автомобиль жолдары саласында 185 нысанда (347,8 шқ) жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұл ретте, жыл соңына дейін 150 нысанды (271,1 шқ) аяқтау жоспарға алынған. Нысандарды аяқтағаннан кейін, қаламыздағы жақсы және қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 67,4 % құрайтын болады. 2025 жылға дейін 79%-ға арттыруды көздеп отырмыз.
Құрылыс нысандары бойынша:

Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайырығының құрылысы және жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы: бойынша пайда болған ақауларды қайта қалпына келтіру атап айтсақ: яғни жолдың жүріс бөлігі жерасты өткелін көму барысында жаңбыр суларының өту салдарынан топырақтың отыруынан орын алып, жер асты өткеліне су кеткен. Жер асты өткелінің гидроизоляциялық жұмыстары жүргізілді және оны шағал таспен көму жұмыстары жүргізілді. Жолдың жүріс бөлігінің жабынын қайта салу жұмыстары жүргізілуде;
Бәйдібек би – Арғынбеков-Назарбеков – Назарбаев даңғылындағы жол айырығының 1-кезеңі бойынша инженерлік жүйелерінің орнын ауыстыру, Арғынбеков көшесінің тоннель бөлігінінің жер жұмыстары және тіреу қабырғалары, көпір өткелінің бұрғылап қағу қадалары
Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы (Түркістан көшесінен жол айрығының теміржолдарына дейін 2-этап) бойынша өткелдің қабырғаларын құю (шкафная стенка путепровода) ПК10 – ПК11 жер жұмыстары
Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы (теміржолдарынан Дамбовый көшесіне дейін 3-этап) бойынша тіреу қабырғаларын құю, жер жұмыстары және абаттаныру жұмыстары атқарылуда.
Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы (теміржолдарынан Дамбовый көшесіне дейін 5-этап) мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы (Дамбовый көшесінен А-2 автомобиль жолына дейін) мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Утегенов көшесінің құрылысы (Шым сити шағын ауданынан Сырым Батыр көшесіне дейін 1-кезек) бойынша жер жұмыстары жүргізілуде
Утегенов көшесінің құрылысы (Төлеметов көшесінен Сырым батыр көшесіне дейін 2-кезек) бойынша электр желісінің орнын ауыстыру, шағал тас төсеу жұмыстары)
Самал-1,2,3 шағын ауданындағы ішкіорам көшелердің құрылысы бойынша 97% аяқталған. Жандосов көшесінде құрылыс белдеуіне түскен футбол алаңшасына байланысты, мемлекеттік мұқтаждыққа алу жұмыстары жүргізілуде.
А-2 автомобиль жолы және «Алаш» базарының манындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы
А-2 автомобиль жолы және «Бекжан» базарының манындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.

Автор: admin