• 29 марта, 2024 11:23 дп

Ағымдағы жөндеу жұмыстары бірінші кезекте көлік қарқыны жоғары және қала орталығындағы магистралды көшелерде жүргізілуде.

Автор:admin

Май 10, 2022

 

Жалпы қаладағы асфальтталған жолдардың ұзындығы 2 029,2 шқ. құрап, жолдарды күтіп ұстауға ағымдағы жылға 529 млн.теңге қаралған.
2022 жылдың I-тоқсанының қорытындысымен шұңқырларды жамау жұмыстары — 8500м2-қа жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бірінші кезекте көлік қарқыны жоғары және қала орталығындағы магистралды көшелерде жүргізілуде. Сонымен қатар, 510 жол белгілері, 50 дана жасанды жол кедергісі орнатылды.
Проблемалық мәселелер
Құрметті Мұрат Дүйсебекұлы! Басқарма жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруда біршама өзекті мәселелер пайда болуда және оларды шешу мақсатында жоспарларымызда бар. Олар:
— нысандардағы инженерлік желілердің қабаттасуы;
— мемлекет мұқтаждығына алынатын жер телімдерінің шешілмеуі;
— Оңтүстік және Батыс айналма жолын салу жұмыстарының ұзақтығы;
— Шымкент теміржол вокзалын ҚТЖ теңгеріміне өткізу немесе қайта құру жұмыстарына бюджеттік бағдарлама ашу;
— Автобустардың көлік кептелісі салдарынан бекітілген интервалдан кешігуі;
— Кондукторсыз жүйені ендіру;
— Газ құю бекеттерінің жетіспеуі.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.

Автор: admin