• Пт. Дек 3rd, 2021

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «𝗡𝘂𝗿 𝗢𝘁𝗮𝗻» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Автор:admin

Ноя 25, 2021

🇰🇿 Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «𝗡𝘂𝗿 𝗢𝘁𝗮𝗻» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

⚜️Бейнеконференция байланысы режимінде өткен отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі мен Бюро мүшелері, Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттардағы партия фракциясының депутаттары, өңір басшылары, «Jas Otan» жастар қанатының көшбасшылары қатысты.

⚜️Елбасы партия фракциясы депутаттарының пандемия кезіндегі тиімді жұмысына тоқталып, барша қазақстандықтар Президенттің мемлекеттік бағдарын қолдап, соның аясында жұмылуы маңызды екеніне баса мән берді.

«Мен партиямыздың негізін қалап, оған осы жылдар ішінде басшылық еттім. «Nur Otan» партиясын ел Президенті басқарып, оның саясаты мен стратегиясын өзі айқындап отыруы маңызды екенін жақсы білемін. Бұған дейін де солай болды. Біз партия Жарғысына сүйене отырып, шешім қабылдауымыз керек. Бұл – біздің бірлігімізді көрсететін қадам», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

JSK ақпарат