• 25 апреля, 2024 4:22 пп

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КЕДЕН САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСАУЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 25, 2021

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КЕДЕН САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСАУЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Кеден саласына қатысты ведомствоаралық семинар-кеңес өтті.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы міндетін атқарушы Ержан Жүнісов, Арыс көлік прокуроры Мақсат Мошқалов, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мурат Абдрахманов және кеден бекеттерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Ержан Әлиұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер мен жаңашылдықтарды атап өтіп, бармақ басты, көз қысты әрекеттермен барша ел азаматтары болып тосқауыл болу қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажеттігін және Агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылымыздың бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуды тапсырғанын хабарлап,
Тұжырымдаманың құрылымы мен негізгі бағыттарына тоқталды.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта түсірілген әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

JSK ақпарат

Автор: admin