• Пн. Дек 5th, 2022

МӘСЕЛЕҢІЗ БОЛСА, АКЦИЯҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Автор:admin

Ноя 4, 2022

Бүгін ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «Заң керуені» акциясы басталды. Осыған орай 1 қарашадан бастапШымкентте республикалық акция аясында қалалық көшпелі топтың халықпен кездесуі жоспарланған болатын.

Жоспарға сәйкес бүгінде Еңбекші ауданының Базарқақпа елді мекенінде Шымкент қалалық прокуратурасының құзырлы органдармен бірлескен өтіп жатыр.

Жалпы, бұл акция халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуды мақсат еткен.

Кездесуде тұрғындарға мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік көмектер, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, мұрағаттық анықтамалар беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы және т.б. өзекті мәселелердің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптар беріледі. Акцияға Еңбекші ауданы аумағындағы «Абдуллабад», «Базарқақпа», «Бадам-1», «Тұрдыабад», «Шаңырақ» елді мекен тұрғындары белсенді қатысуда.

Көшпелі топтың құрамында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Бақтияр Мұхамеджан, Еңбекші ауданының прокуроры Серік Әбдиев, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек, сондай-ақ, прокуратура, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының өкілдері бар.

«Заң керуені» акциясы – тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын белсенділік танытып, республикалық акцияға қатысуға шақырады.
«Шымкент келбеті»