• 21.05.2026 23:11

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Автор:admin

Май 21, 2026

 

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бүгінгі таңға мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеру және талдау жұмыстарының нәтижесінде 89 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Еркеше назар аударатын мәселелердің бірі ол — мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау. Жұмыс уақыты режимін сақтау бағытында жүргізілген мониторинг нәтижесінде үстеме жұмысқа заңсыз тарту деректері анықталып, 61 мемлекеттік қызметшіге 237 сағат қосымша тынығу уақыты беріліп, тиісті өтемақылары төленді.
Сондай-ақ, Заңнамада көзделген мерзімдерде іссапар шығындарын төленбегені анықталып, 12 қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.
16 мемлекеттік қызметшіге қосымша міндеттерді жүктеу барысында Заңнама талаптары сақталмағаны анықталып, тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізілген. 1 мемлекеттік қызметшіге қосымша міндеттерді атқарғаны үшін ақы төлеу ұсынылды.
Сонымен бірге кешіктірілген төлемдер үшін 13 мемлекеттік қызметшіге тиісті өсімпұлдары төленді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Копеев Мақсат Қайратұлы

Автор: admin