• 21.05.2026 21:05

📌 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

Автор:admin

Май 21, 2026

 

2026 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі жаңартылып, іріктеу процесі толық автоматтандырылған форматта жүргізіледі.

🔹 Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер:
✔️ мемлекеттік тілді білу,
✔️ заңнаманы білу,
✔️ жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен өтеді.

📚 Заңнаманы білу тесті:
▫️ ҚР Конституциясы
▫️ «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң
▫️ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң
▫️ Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша өткізіледі.

📝 Тестілеу 55 сұрақтан тұрады. Өту үшін:
✔️ кемінде 30 дұрыс жауап,
✔️ әр заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап қажет.

👥 Жеке қасиеттерді бағалау тесті 3 бағдарлама бойынша өтеді:

🔸 1-бағдарлама – басшылық лауазымдарға арналған.
Көшбасшылық, стратегиялық ойлау, жауапкершілік және нәтижеге бағдарлану сияқты 10 құзырет бағаланады.

🔸 2-бағдарлама – басшылық емес лауазымдарға арналған.
7 негізгі құзырет қамтылады.

🔸 3-бағдарлама – жұмыс өтілі талап етілмейтін төменгі әкімшілік лауазымдарға арналған.
Эмоционалдық, әлеуметтік және логикалық ойлау қабілеті бағаланады.

📅 Тест нәтижелері 1 жыл бойы жарамды болады. Осы мерзім ішінде кандидаттар конкурстарға қатыса алады.

🔄 Жеке қасиеттерді бағалау тестін айына 3 ретке дейін тапсыруға мүмкіндік беріледі.

🏆 Конкурсқа ең жоғары балл жинаған 5 кандидат жіберіледі.

📲 Құжаттарды растау кезінде:
▫️ электрондық еңбек кітапшасы,
▫️ диплом көшірмелері
eGovMobile және Kaspi.kz арқылы ұсыныла алады.

❗️Білім туралы құжаттардың қосымшалары міндетті түрде қоса берілуі тиіс.

Осы мәтінді блогерлердің әлеуметтік желілеріне шығарып беріңізші, подписчиктері көп

Автор: admin