• 3 декабря, 2024 5:39 пп

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН СЕМЕЙДЕГІ ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Ноя 2, 2022

 

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты.

Үміткер барған алғашқы нысан «Семей инжинеринг» зауыты болды. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына тоқталды.

– Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының (ЕТЖ) қалай анықталатыны белгісіз. Мен оны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше ЕТЖ 60 мың теңгені емес, кем дегенде 150 мың теңгені құрайтын болады,- деп нақтылады үміткер.

Кандидат азаматтық қоғам тақырыбына тоқталып, бұл сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімі екенін атап өтті.

– Мемлекет әрбір азаматқа өзін-өзі дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауы керек. Азаматтың өзі әлеуметтік серіктестік, атап айтқанда кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары арқылы өмір сүру жағдайларын өзгерте алатын үдерістерге қатысуы керек. Бұл – біздің алға қойған мақсатымыз, — деді үміткер.

Айта кетейік, бұл орын 1987 жылы ашылғаннан бастап 2004 жылға дейін «бронды жөндеу зауыты» деп аталған.

Автор: admin