• 13 октября, 2024 9:54 дп

Кому может быть предоставлена бесплатная юридическая помощь?

Автор:admin

Апр 23, 2020

Кому может быть предоставлена бесплатная юридическая помощь

Всем известно, что каждый человек имеет право на защиту. Но не все знают что если у него нет возможности нанять себе адвоката, ему предоставляется гарантированная государством юридическая помощь за счет бюджета.
В этой статье я попытаюсь разъяснить порядок предоставления бесплатной юридической помощи, кто может ее получить и куда нужно обращаться.
В соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан каждый имеет право на получение в ходе гражданского, административного и уголовного процесса квалифицированной юридической помощи в соответствии с установленными положениями и на этих основаниях гражданам Республики Казахстан предоставляется ГГЮП.
Гарантированная государством юридическая помощь — юридическая помощь, оказываемая физическим и юридическим лицам, имеющим право на получение на основании и в порядке, предусмотренных законами Республики Казахстан, на бесплатной основе.
ГГЮП оказывается в виде:
правового информирования;
правового консультирования;
защиты и представительства интересов физических лиц в судах, органах уголовного преследования, иных государственных органах и негосударственных организациях;
принятие принудительных мер по исполнению исполнительных документов частными судебными исполнителями о взыскании алиментов и заработной платы в порядке, предусмотренном Законом Республики Казахстан «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей».
Право на бесплатное получение юридической помощи в виде правового информирования имеют все физические и юридические лица.
Юридическая помощь в виде правового консультирования, а также защиты и представительства интересов физических лиц в судах, органах уголовного преследования, иных государственных органах и негосударственных организациях оказывается:
1) лицу, привлекаемому к административной ответственности;
2) истцу в соответствии с гражданским процессуальным законодательством;
3) подозреваемому, обвиняемому, подсудимому, осужденному, оправданному, потерпевшему;
4) физическим лицам по вопросам взыскания алиментов, назначения пенсии и пособий, реабилитации, получения статуса беженца или оралмана, несовершеннолетним, оставшимся без попечения родителей.
Указанные лица вправе получить бесплатную юридическую помощь на территории Республики Казахстан независимо от места жительства и места нахождения.
В интересах лица, нуждающегося в бесплатной юридической помощи с ходатайством об оказании такой помощи может обратиться его представитель. Оплата адвокатских услуг производится за счет бюджетных средств.
Лицо, нуждающееся в бесплатной юридической помощи имеет право равного доступа к гарантированной государством юридической помощи; получить информацию о своих правах, обязанностях и условиях оказания юридической помощи; обжаловать действия либо бездействие адвоката; на конфиденциальность вопроса, по которому оказана бесплатная юридическая помощь.
Лицо, обратившееся с ходатайством об оказании ему бесплатной юридической помощи обязано:
1) представить документы, подтверждающие его право на получение;
2) своевременно извещать об изменении обстоятельств, влияющих на условия оказания юридической помощи;
3) обеспечить достоверность информации, на которой основана необходимость оказания юридической помощи.
В оказании бесплатной юридической помощи отказывается если заявитель не относится к категории лиц, имеющих право на ее получение либо обращение заявителя не имеет правового характера.
Отказ в оказании юридической помощи должен быть мотивированным и может быть обжалован в уполномоченный орган или суд.
Также Законом Республики Казахстан «Об адвокатской деятельности и юридической помощи» предусмотрено оказание адвокатами комплексной социальной юридической помощи на добровольной основе.
Комплексная социальная юридическая помощь может оказываться:
1) лицам, находящимся в трудной жизненной ситуации, в соответствии с Законом Республики Казахстан «О специальных социальных услугах»;
2) лицам, имеющим право на адресную социальную помощь;
3) участникам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним;
4) инвалидам первой и второй группы;
5) пенсионерам по возрасту;
6) престарелым и инвалидам, проживающим в медико-социальных учреждениях (организациях) для престарелых и инвалидов общего типа;
7) иным лицам, находящимся в затруднительном социальном и финансовом положении.
Комплексная социальная юридическая помощь не оказывается по спорам, связанным с предпринимательской деятельностью.
Для получения бесплатной юридической помощи граждане могут обращаться в территориальные коллегии адвокатов либо в органы юстиции.

Руководитель отдела Департамента юстиции
Туркестанской области
Клышпаева Негина

Тегін заңгерлік көмек кімге ұсынылуы мүмкін?

Әрбір адамның қорғауға құқылы екені белгілі. Бірақ барлығы бірдей адвокат жалдауға мүмкіндігі жоқ адамдарға бюджет есебінен заңды көмек ұсынылатынын білмейді. Бұл мақалада мен кепілдендірілген заңды көмек туралы толығырақ айтатын боламын, сондай-ақ мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті алу үшін қайда жүгіну керектігі және тегін заңды көмекті кім көрсете алатындығы сияқты сұрақтарға жауап беремін.
Мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек дегеніміз не?
Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процесс барысында білікті заңды көмек алуға құқылы. Осы негіздерде Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек ұсынылады.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – заң көмегі алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негізде және тәртіпте тегін негізде көрсетілетін заң көмегі.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
құқықтық ақпарат беру;
құқықтық консультация беру;
жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдануы түрінде көрсетіледі.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі тегін заңгерлік комек әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға; азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға; күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге; алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан алуға құқылы.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
Адвокатпен көрсетілетін мемлекеттік заңды көмекті төлеу бюджтетік қаржы есебінен жүргізіледі.
Тегін заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мемлекет кепілдік берген заң көмегіне теңдей қол жеткізуге; өз құқықтары, міндеттері және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттары туралы ақпарат алуға; адвокаттардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне шағым жасауға; заң көмегі көрсетілген мәселенің құпиялығына құқығы бар.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы өтінішхатпен жүгінген тұлға:
1) өзінің тегін заң көмегін алуға құқығын растайтын құжаттарды ұсынуға;
2) тегін заң көмегін көрсету шарттарына ықпал ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабарлауға;
3) тегін заң көмегін көрсету қажеттігіне негіз болған ақпараттың анықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш иесі тегін заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаса немесе өтініші құқықтық сипатқа ие болмаса, тегін заң көмегін көрсетуге бас тартылады.
Сонымен қатар, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттармен ерікті түрде кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі мыналарға:
1) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;
2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге;
5) жасына байланысты зейнеткерлерге;
6) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге;
7) қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда жүрген өзге де адамдарға көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
Тегін адвокаттық көмек алу үшін аумақтық адвокаттар алқаларына немесе әділет органдарына жүгінуге болады.

Негина Клышпаева, Түркістан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі басшысы.

Автор: admin