• 29.08.2026 11:00

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысының сұхбаты

Автор:jsk.kz

Апр 23, 2020

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысының сұхбат

2020 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығы күшіне енді. Жоғарыда аталған бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысы Нұрман Адыхамұлы Шілдерханов түсініктеме берді.
Қайырлы күн Нұрман Адыхамұлы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығы не үшін қабылданды?
Қайырлы күн, өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Үкіметі елдегі кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту бойынша, сондай-ақ «Doing Business» халықаралық рейтингісінде және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша мемлекеттік саясат жүргізуде. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жыл сайын электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін жеңілдету мақсатында кәсіпкер мен қатардағы тұтынушыны электр желілеріне қосу рәсімінің санын азайту мақсатында заңнамалық түзетулер енгізуде.
Осы заңнамалық түзетулер шеңберінде «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығы әзірленіп, қабылданды. Бұл бұйрық бірінші кезекте электр энергиясын пайдалану кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және тұтынушыны электр желілеріне қосу рәсімін жеңілдетуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің қандай бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен электр энергетикасы саласындағы келесі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бұлар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 ақпандағы №111 бұйрығы, «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығы, «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» 2017 жылғы 23 қазандағы №356 бұйрығы.
Тұтынушылардың жағдайын жақсартуға және электр желілеріне қосылу рәсімін жеңілдетуге бағытталған нақты қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?
Тұтынушыны қорғау және электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу тәртібін жеңілдету мақсатында төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:
— тұтынушының электрмен жабдықтау туралы келісімге физикалық қол қою қажеттілігінің жойылуы. Яғни бұрын электрмен жабдықтау туралы келісім-шарт жасасу үшін тұтынушының физикалық қатысуы қажет болған, қазіргі кезде өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін электрмен жабдықтау туралы шарт жасасу үшін тұтынушының физикалық қатысуы талап етілмейді. Электрмен жабдықтау туралы келісім жария ұсыныс негізінде жасалады және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 483-бабының 2-тармағына сәйкес (Ерекше бөлім) абонент жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде белгiленген тәртiппен қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептелінетін болды;
— тұтынушының (жеке және заңды тұлғалар) «бір терезе» қағидаты бойынша электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін құжаттарды тапсыру мүмкіндігі. Осылайша, бұрын электрмен жабдықтау туралы келісім жасасу үшін тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау туралы шартты жасасу үшін 500 Internal Server Error

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request.

Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error.

More information about this error may be available in the server error log.


Web Server at jsk.kz