• 23.06.2026 19:20

«ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:jsk.kz

Июн 22, 2026

Шымкент қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Заңды білу – заман талабы» атты кездесу өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы Еңбекші ауданының бөлім аға прокуроры Алма Нұрмағанбетқызы Сатқанбаева, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Гульвира Төлепбергенқызы Бектемисова және «Jaidarman TOP 2025» жоғары лигасының чемпионы, «Ақбұлақ» жайдарман командасының мүшесі Досан Бейбітшілұлы Әбу қатысты.

Кездесу барысында заң мен тәртіпті сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар тәрбиесі және қоғамдағы азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Спикерлер жастарға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар арасындағы құқықбұзушылықпен күрес және қауіпсіз қоғам қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.

 

***

 

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА НА ТЕМУ «ЗНАТЬ ЗАКОН – ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ»

 

В городе Шымкент в рамках принципа «Закон и порядок» состоялась встреча «Знать закон – требование времени», направленная на повышение правовой грамотности молодежи и формирование правовой культуры.

В мероприятии приняли участие старший прокурор отдела Енбекшинского района города Шымкента Алма Нурмаганбетовна Сатканбаева, старший инспектор подразделения по противодействию семейно-бытовому насилию местной полицейской службы Абайского районного управления полиции, майор полиции Гульвира Толепбергеновна Бектемисова, а также чемпион Высшей лиги «Jaidarman TOP 2025», участник команды «Акбулак» Досан Бейбитшилулы Абу.

В ходе встречи были обсуждены вопросы соблюдения закона и порядка, повышения правовой культуры, воспитания молодежи и гражданской ответственности. Спикеры подчеркнули важность соблюдения законодательства и рассказали о мерах профилактики правонарушений среди молодежи.

Участники мероприятия получили возможность задать интересующие вопросы и обсудить актуальные темы, связанные с предупреждением правонарушений, профилактикой семейно-бытового насилия и укреплением общественной безопасности. Подобные встречи способствуют формированию активной гражданской позиции и повышению правовой грамотности молодежи.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz