• 18 мая, 2024 11:00 пп

«Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармашылығы және әлем мәдениеті» тақырыбында халықаралық конференциясы өтті

Автор:admin

Фев 27, 2023

2023 жылғы 24 ақпан күні Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық  байланысты арттыру мақсатында  Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының  қолдауымен «Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармашылығы және әлем мәдениеті» тақырыбында халықаралық конференциясы өтті.

Жиынға Өзбекстан Республикасының ресми  делегациясы (Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы  Төтенше және өкілетті елшісі, Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік  өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ректоры, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының ректоры, Өзбекстан Республикасының халық жазушысы, Халықаралық Әмір Темір  қоғамдық қоры төрағасы, Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы халықаралық қатынастар және шетелдермен достық байланыстар комитетінің  Өзбек диаспораларымен және шетелдегі қандастар қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының доценті, филологиялық ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасындағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы), ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының өкілдері, Ж.Ташенов атындағы университеттің ұжымы, қалалық жалпы орта мектептің мұғалімдері мен қала тұрғындары қатысып,жиынды Ж.Ташенов атындағы университет оқытушысы Ш.Наралиева ашып, жүргізді.

Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, Шымкент қалалық қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары И.Хашимжанов ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар, ҚР Сенатының депутаты А.  Сатыбалдиев, бауырлас елдерден атап айтқанда Туркия, Тәжікстан Республикаларынан онлайн құттықтаулар жеткізілді.

Іс-шарада Өзбекстанның  Республикасының  жоғарғы мәжіліс сенатының мүшесі, республикалық рухани-ағарту орталығының басшысы   Х.Ходжиматов, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының доценті, филологиялық ғылымдарының докторы, ҚХА-ның Өзбекстандағы «Достық елшісі»  Х.Хамроева түркі тілдес халықтарының даңқты қолбасшы, ғажайып өлең-жыр жазып кеткен ғұлама ақын, тарихшы Захириддин Мұхаммед Бабырдың өмірі,  шығармашылығына тоқталып, екі бауырлас халық арасында өткізіліп жатқан халықаралық конференциялардың кейінгі ұрпаққа қажет екенін атап өтті.

Жиынға қатысушылар мұрағат құжаттарында баяндалған тарихи деректер жөнінде пікір алмасып, ғұлама ақын, тарихшының елге қосқан үлестері  жөнінде ойларын жеткізді.

Жиынға қатысушыларға өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдардың деректі фильмі көрсетілді.

25 ақпан күні халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция екінші күні Сайрам ауданындағы Ю.Сареми атындағы  107 мектеп-лицейінде мұғалімдерге өтті.  Өзбекстаннан келген қонақтарға қазақ халқының ағаштан ойып жасалған қара қоңыраудан, қобыз бен домбырадан тұратын кәдесыйлары, ал әйелдерге «Сәукеле» сувенирліксый-сияпаттары тапсырылды.  

Автор: admin