• 19 июня, 2024 9:26 дп

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ПРИНЦИПІ ӘДІЛЕТТІЛІК БОЛУҒА ТИІС

Автор:admin

Ноя 17, 2022

 

Елімізде үлкен саяси науқан өткелі тұр. Қазіргі таңда кандидаттар еліміздің барлық өңірлерін аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Мемлекетіміз үшін бұл шараның маңызы зор! Себебі еліміздің болашағын айқындар, ел тұтқасын ұстап, мемлекетімізді одан әрі дамытатын тұлғаны тұтас қоғам бірге анықтаса, еліміздің әрбір азаматы белсенді болса ғана еліміз алға дами түседі.

Бұл тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Сол себепті сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың құқығы мен парызы деп білемін. Менде сайлау күні өз таңдауымды жасаймын. Сайлауда әрбір азамат өз шешімінің, өз дауысының маңыздылығын түсінсе бұл науқанның да маңызы арта түспек.

Конституцияға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, Қазақстан президенті жеті жылға және бір мерзімге сайланады. Яғни еліміздегі сайлау өткізу әдісі қоғам сұранысына сай бейімделіп келеді. Енді тек халқымыздың белсенділігі артса нұр үстіне нұр болар еді.

Кеңес ӘУЕНҰЛЫ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Автор: admin