• 18 апреля, 2024 9:25 дп

 

Жұртшылық Жаңа жыл мерекесін жақсылықтың, қуаныштардың бастауы болар деген үмітпен күтеді емес пе, сол секілді сайлаушылар да кез келген сайлаудан кейін қоғамда жақсы өзгерістер болады деген үмітпен дауыс беруге барады.

Айта кету керек, соңғы уақыттары елімізде түрлі жақсы жаңалықтар орын алып жатыр. Мен осы игілікті бастамалардың жалғаса беруін тілеймін. Сондықтан қоғам өміріне немқұрайлы қарамайтын адам міндетті түрде өз таңдауын жасауға тиіс.

Елдің бәрі дауыс беру учаскелеріне қарай ағылып, өз таңдауын жасап жатқанда, «менің даусымнан ештеңе өзгермес» деп үйде жатып алу – келешегіне үмітпен емес, күмәнмен қарайтын адамның әрекеті. Сондықтан сайлау күні дауыс беру – өзіңнің, ұрпағыңның, өз халқыңның болашағының жақсы болуына үлесіңді қосу деген сөз.

Ханымкүл ДОЛЫБАЕВА,
көпбалалы ана. Шу ауылы, Созақ ауданы

Автор: admin