• 19.08.2026 19:01

Жаңарған балабақша – жайлы орта

Автор:jsk.kz

Авг 19, 2026

 

Шымкент қаласының Тұран елді мекеніндегі №122 «Ақ көгершін» бөбекжай-балабақшасы – алпыс жылдан астам тарихы бар білім мен тәрбие ордасы. Бүгінде мұнда 345 балаға арналған 16 топ жұмыс істейді.

Мекеме үшін маңызды жаңалықтың бірі – ғимараттың күрделі жөндеуден өтуі. Ұзақ жылдар бойы пайдаланылған балабақша ғимараты жаңартылып, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырылды. Жөндеу жұмыстары нысанның материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Балабақша аумағы абаттандырылып, ойын және спорт алаңдары қажетті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар музыка, психолог, логопед, медицина және әдістемелік кабинеттер жұмыс істейді.

Балабақша меңгерушісі Жұмагүл Шегебайқызының айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары балалардың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасауға жаңа мүмкіндік берді.

«Жаңарған орта – бала үшін өте маңызды. Балабақшаның күрделі жөндеуден өтуі ұжымымызға үлкен қуаныш сыйлады. Ендігі мақсатымыз – жасалған жағдайды тиімді пайдаланып, әр бүлдіршінге сапалы тәрбие мен білім беру», – дейді меңгеруші.

Алпыс жылдан астам тарихы бар «Ақ көгершіннің» жаңаруы – мекеменің жаңа кезеңге қадам басуы. Ең бастысы, бұл өзгеріс балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығына бағытталған.

Автор: jsk.kz