• 15 октября, 2024 7:21 дп

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ —ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ ТЕТІГІ

Автор:admin

Сен 13, 2021

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ —ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ ТЕТІГ

?? “Nur Otan” партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Нащарбаевтың 2019 жылы “Жастар жылы” аясында «Жас маман» жобасының орындалуын бақылау мақсатында Білім және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің төрайымы, Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы Шымкенттегі екі колледжді аралады.

? Алдымен қаладағы №5 «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» ұжымымен кездесіп, оқу орнының материалдық-техникалық жағдайымен танысты.

? Аталмыш білім мекемесінде бүгінгі таңда мыңнан аса шәкірт тәрбиеленуде. Олар тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, тігінші, арнайы тігінші, модельер-пішуші, техник-технолог, тоқыма өндірісі, тоқыма машинасының операторы мамандықтары бойынша білім алуда.

? Одан соң Мәжіліс депутаты Шымкенттегі Жол-көлік колледжіне барды. Бұл оқу орнында «Жас маман» жобасы бойынша гараж кешенінде «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу», «Жүк көлігіне қызмет көрсету», «Шанақ жөндеу» құзыреттілік алаңдары, «Қозғалтқыштар мен трансмиссияларды бөлшектеу құрастыру» зертханалық кабинеті ашылып, жаңа құрал-жабдықтар орнатылған.

? «Жас маман» жобасының негізгі мақсаты — халықаралық стандарттар талаптарына сай жоғары білікті мамандарды дайындау және халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи үлгідегі құрал-жабдықтарды жаңарту.

?Жоба аясында колледждердің материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарына сай, соңғы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету — білім сапасын көтеру жолында оң серпін берері сөзсіз.

Автор: admin