• 19 марта, 2024 5:52 дп

ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНА “КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКА” ФУНКЦИЯСЫ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Сен 10, 2021

ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНА “КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКА” ФУНКЦИЯСЫ БЕРІЛДІ

Әлемдік экономиканың трансформациялануы және әл-ауқаттың өсуінің жаңа тұжырымдамаларын іздеу жағдайында «креативті экономиканың» танымалдылығы арта түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев экономиканың жаңа даму бағытын айқындап, «креативті индустрияны» дамыту бойынша арнайы тапсырма берген болатын.

Осы орайда, жаңа өзгерістердің алдын алу және Шымкент қаласында «креативті индустрия» саласын дамытуды жүйелендіру мақсатында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына «креативті экономика» функциясын беру ұсынылып, ұсыныс қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тарапынан қолдауға ие болды.
Айта кетерлігі, бұл шешімнің нәтижесінде республикадағы үшінші мегаполис — туризм саласына креативті экономика индустриясы қосылған бірінші басқарма болады. Жалпы, басқарма туризмді дамыту, инвестиция тарту, Smart-инфрақұрылым, креативті жобалар мен маркетинг, сыртқы байланыстар секілді заманауи трансформациялану бағыттарында қызмет атқаратын болады. Одан бөлек, аталған бастама Шымкент қаласы экономикасының дамуына жаңа серпін беріп, «Туристік креативті қала бейнесін» қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Туризм мен креативті индустрияны біріктіру – бұл ең алдымен туризмді жаңа деңгейге шығарып, саланы дамытуға тың идеяларды енгізе отырып, жаңашыл бағытта ілгерілеуге септігін тигізеді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған бағыттар қаланың жаңа бейнесін қалыптастырып және жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика түсімін жоғарылатып, келуші туристер легін арттырады деген жоспар бар. Осы ретте, жастардың шығармашыл идеяларын қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан түрлі сала өкілдерінен тұратын «Креативті кеңес» құрылды.

Jsk.kz ақпарат

Автор: admin