• Сб. Окт 1st, 2022

«Жастар жаңа қоғам тенденциясы» тақырыбында кездесу өтті.

Автор:admin

Авг 27, 2022

Бүгін ашық аспанда «Рухтастар 𝗖𝗮𝘀𝗲𝘀» жобасы аясында «Жастар жаңа қоғам тенденциясы» тақырыбында кездесу өтті.

🔹Еркін форматта өткен кездесуде Шымкент қаласының Аccess бітірушілері «Asaa» Жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Саранова Данара Юрьевна, Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары, қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы гроссмейстер Нахбаева Гүлісхан Сайфуллинқызы, «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Садыбеков Бижан Әбдіғапбарұлы спикер болып, жастарды маңызды жаңалықтармен бөлісті. Сондай-ақ жастардың ойларында жүрген сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

🔹Атап айтсақ, жоғары оқу орнының студенттері мен қоғам белсенділері төмендегідей ұсыныстар тастады:

🔸«Өрлеу» жобасына ментор болуға ұсыныс білдірді;
🔸Экологиялық мәдениетті дамыту;
🔸Мектептерге ақпараттандыру, хабарландыру жұмыстарын жандандыру;

🔹Іс-шара соңында жастар Гүлісхан Сайфуллинқызымен шахмат ойнап, жиынды қорытындылады.

#Жастаррухы #ЖастаррухыШымкент #AMANAT