• Сб. Окт 1st, 2022

 

2022 жылы 02 қыркүйек күні «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 2025 жылға дейінгі жастар саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын «Жастар – Отанға!» бағдарламасының Республикалық жол картасы аясында «ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА» бағытындағы Шымкент қаласы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға берілетін баспаналарға мониторинг жұмыстары өткізілді.

Бағдарламаға өтінімдер қабылдау 2022 жылдың 28-нен 29-шы шілде күндері аралығында жүргізілді. Аталған бағдарлама бойынша жыл соңына дейін жалпы 857 пәтермен қамту көзделген.

— 211 пәтер Тұран шағын-ауданынан;
— 286 пәтер (189 орам, Шымсити) қыркүйек-қазан айларында;
— 360 пәтер (Бозарық шағын-ауданы) желтоқсан айында беріледі деп жоспарлануда.

Бірінші лекке тапсырған өтінім 1631. Конкурстық нәтижесінде аталған бағдарлама бойынша 1 және 2 бөлмелі пәтерлер қыркүйек айында табысталады.

Бағдарламаға қатысу үшін «kezekte.kz» электрондық порталында ЭЦҚ арқылы өтініш беріледі.