• Чт. Дек 1st, 2022

ЕЛ ҮМІТІН АҚТАЙТЫН ҮМІТКЕРДІ ТАҢДАЙЫҚ!

Автор:admin

Окт 20, 2022

 

20 қараша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болып белгіленгені баршамызға белгілі.

Бұл — еліміздегі ең үлкен саяси оқиға. Сайлауға ұйымшылдықпен қатысу — әрбір азаматың парызы. Бұл күннің жауапкершілігі жоғары. Жаңа Қазақстан құру жолындағы серпінді қадам.

Әрбір қазақстандық бұл күннің маңыздылығын түсініп, жұдырықтай жұмылып атсалысуы керек деп санаймын. Осы ретте «Биліктің бастауы – халық» деген қағида шынайы орнай бастады.

Сайлауда әрбір азаматтың дауысы маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз бұл сайлауда да бірлігімізді, елдігімізді көрсетуіміз керек.

Еліміз үшін аса жауапты науқанға ұйымшылдықпен қатысып, белсенділік танытайық!

Сәрсенбек САЙЛАУБЕКҰЛЫ,
«Созақ үні» газетінің бас редакторы