• 24 ноября, 2025 12:24 пп

Өзгерістер елшілері: Жастар – Заң мен Тәртіп үшін!

Автор:admin

Ноя 9, 2025

Заңның күші – санада. Дәл осындай ұранмен 500-ден астам студент пен қала жастарын біріктірген кездесу өтті. Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлық, интернет-алаяқтық, буллинг, лудомания және өзге де әлеуметтік мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға қатысуы туралы шешім қабылданды. Енді жастар құқық қорғау органдары өкілдерімен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету бойынша «Өзгерістер елшілеріне» айналады. Іс-шара соңында қала прокуроры Ғабит Мұқанов жас ұрпақтың жаңа азаматтық мәдениетті қалыптастыру мен заңға құрметті арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінде елімізде интернет алаяқтық ісі өршіп тұр. Құзырлы органдар да оларға қарсы аяусыз күрес жүргізіп келеді. Бірақ интернет алаяқтары оңай олжа табу үшін небір айла-тәсілдерді ойлап тауып, ештеңеден тартынатын емес. Соңғы кезде интернет алаяқтықтан сақтандыратын түсіндірме жұмыстарын көбейтуге халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі итермелеп отыр. Осы орайда полиция департаменті әккілердің құрығына ілігіп қалмаудың жолдарын көрсеткен бейнеролик түсірген. Учаскелік полицейлер де осы күнде өз аумағында интернет алаяқтық бойынша қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болған. Алаяқтық қылмыстың ашылуы өте қиын. Себебі қазіргі алаяқтық интернетпен жүзеге асырылып жатыр. Пандемиядан кейін интернет алаяқтықтың тіркелуі қатты өсіп кетті. Әлеуметтік желінің дамуы қоғамның дамығанын көрсетеді. Дегенмен мұның екінші жағы – алаяқтар осы технологияны өз мақсатында пайдаланып келеді. Қазір азаматтарымызға көп материалдық шығын келтіріп жатыр. Бұрын алаяқты көзіміз көретін болсақ, қазір оларды көрмейміз. Және де ақшаның бәрі баяғыдай қолма-қол емес, белгілі бір шотта, картада деген сияқты. Болмашы уақыттың ішінде ақшаңыз шетелге кетіп қалуы әбден мүмкін боп жатыр. Сол себепті де бұл қылмыстың ашылуы қиындықтар туғызады. Қоғам дамыған сайын, қылмыс әлемі де дамиды. Біздің полицияның қылмыс ашу әдісі де дамиды. Қазір министрліктің бастамасымен Шымкент полиция департаментінде «киберпол» деген бөлім ашылған. Құрамында білікті полицейлер бар. Сол мамандар осы интернет алаяқтықпен күресу, оның алдын-алу бойынша жұмыс атқарып жатыр. Алаяқтық қылмысын тоқтатудың бірден-бір жолы алдын-алу шаралары. Күмәнді, танымайтын телефон қоңырауларынан, күдік туғызатын, білмейтін хабарламалардан сақ болу керек.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin