Бағаны реттеу және заңнамалық талаптар
Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы бағатұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылданбастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының(ӘМАТ) тізімі 19-дан 31 атауға дейін ұлғайтылды. Бұлқадам негізгі тұтыну тауарларының қолжетімділігінарттырып, нарықтағы негізсіз баға өсімін тізгіндеудікөздейді.
Жаңа тізімге не қосылды?
Бұрынғы тізімдегі ұн, нан, сүт және май сияқты негізгіөнімдерге қоса, енді тізбеге халық көп тұтынатын қосымшакөкөністер, жармалардың жаңа түрлері және кейбір етөнімдері енді. Бұл мемлекеттік бақылаудың аясын кеңейтіп, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қорғауғабағытталған.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабы:
Сауда субъектілері үшін ең басты талап — «Саудақызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабын қатаң сақтау. Осы бапқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарларды қайтасату (алып сату) кезінде заңдылықты сақтау — әрбіркәсіпкердің тікелей міндеті. Заң мемлекет тарапынанбекітілген шекті бағаларды немесе рұқсат етілгенүстемелерді бұзуға жол бермейді.
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (соңғыөзгерістермен) әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарларына (ӘМАТ) баға белгілеудің нақты тетігінреттейді.
Ішкі сауда қағидаларының 229-тармағына сәйкес, ӘМАТ тізіміндегі тауарларға қосылатын сауда үстемесіөндірушінің немесе көтерме жеткізушінің бағасынан 15 пайыздан аспауы тиіс.
Маңызды ескерту: Бұл 15 пайыздың ішіне кәсіпкердіңбарлық шығыстары (тасымалдау, сақтау, жалға алу жәнет.б.) кіруі керек. Кәсіпкерге бұл пайыздық мөлшерден артықшығыстарды тауар құнына қосуға заңмен тыйым салынған.
Құжаттама және ашықтық
Сауда нысандары ӘМАТ тобына жататын тауарлардыңбарлық ілеспе құжаттарын (шот-фактуралар, жүкқұжаттар) мұқият сақтауы тиіс. Кез келген тексеру кезінде кәсіпкертауарды қандай бағамен алғанын және үстіне қанша пайызқосқанын құжатпен дәлелдеуі міндетті. Құжаттардыңболмауы немесе оларды жасыру заң бұзушылық болыпсаналады.
Жауапкершілік: Ескерту емес, айыппұл
Қолданыстағы заңнамалық өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсізасырған жағдайда бірден әкімшілік айыппұл салынады. Ескінормадағыдай «бірінші рет ескерту жасау» тәртібіжойылған.
Айыппұл мөлшері: Кәсіпкерлік субъектісініңсанатына (шағын, орта немесе ірі бизнес) байланыстыайқындалады.
Қайталап бұзу: Егер заң бұзушылық жыл ішіндеқайталанса, айыппұл көлемі еселеніп артады.
Түйін:
Мемлекет белгілеген 31 тауар түрі бойынша бағасаясатын сақтау — тек заң талабы емес, сонымен қатарқоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік. Әрбір сауданүктесі иесіне заңдылықты сақтап, негізсіз айыппұлдарданаулақ болуды ұсынамыз.
Түркістан облысы бойынша Сауда және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
