• 24 ноября, 2025 7:41 дп

ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС КІШКЕНТАЙ ҚАДАМНАН БАСТАЛАДЫ

Автор:admin

Ноя 19, 2025

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Қазақстан суицидтің саны жағынан үшінші орын алады. Әсіресе, елімізде жастар арасындағы өзін-өзі өлтіру оқиғалары кез-келген басқа елден үш есе көп дейді сарапшылар. Бірақ, отандық ресми статистика мұндай мәліметтерді жарияламайтыны белгілі. Бүгінгі күні бұл қауіпті феномен қорқынышты деңгейіне жетті, өкінішке орай, суицидке баратындардың көпшілігі 18-ге толмаған жастар. Бұл  деректердің  ар жағында қаншама адам тағдыры, отбасы қайғысы, елдің болашағы сияқты мәселелер тұр. Сондықтан да осындай теріс оқиғалардың себептерін зерттеп, салдарының алдын алу міндеті күн тәртібінен түспей келеді. Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді… Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды. Осы орайда жастардың арасында суицидті болдыртпау мақсатында Шымкенттегі Политехникалық колледждің жастарына арналған “Үлкен өзгеріс кішкентай қадамнан басталады» атты кездесу өтті.  Іс-шараның мақсаты – қоғамның өзекті мәселесіне айналған суицидті, отбасы институтының әлсіреуін, интернет алаяқтық пен зиянды заттардың таралуын сала мамандарымен ашық талқылау. «Үлкен өзгеріс кішкентай қадамнан басталады» атты қағида арқылы әрбір адам өз өмірінде оң өзгерісті шағын, бірақ мағыналы қадамдардан бастай алатынын түсінді.

Кездесуге қатысқан мамандар:

– «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Токтар Турекулович Амиркулов;

– Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты «Политехникалық колледждің» әдістемелік бөлім меңгерушісі Дана Амановна Балабекова;

– Шымкент қаласы Полиция департаменті КҚІБ-ның аға жедел уәкілі, полиция капитаны Мақсат Қалыбайұлы Шегирбай;

– PhD докторы, доцент, тәжірибелі психолог, гештальт-терапевт Салтанат Сайлауқызы Асанова;

– «Az-UIA (Әз-Ұя)» қоғамдық бірлестігінің директоры, педагог-психолог Срайылұлы Боранбек Алтынбек;

– Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы «Отбасын қолдау» орталығының психологы Ерлан Ілиясұлы Қалиев.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin