Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу функцияларын жүзеге асырады. Құқықтық насихаттауды азаматтардың құқықтық санасын көтеру мен заңдық сауатсыздықты жоюдағы басты бағыт ретінде әділет органдары жүзеге асырады. Қоғамның құқықтық деңгейін арттыру және азаматтардың өз құқықтарын тиімді қорғай алуына жағдай туғызу үшін, тұрғындарды құқықтық тәрбиелеуді және құқықтық оқытуды дамытып, жетілдіру қажет. Мұның барлығы тұтастай қоғамның, әрбір адамның өмірін қамти отырып, халықтың құқықтық деңгейін көтеретін құқықтық насихаттау сияқты маңызды категориямен тікелей байланысты. Бұл құқықтық нормалардың толық және нақты жүзеге асырылуының маңызды және қажетті шарты болып табылады. Құқықтық мәдениетті көтеріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарының нысаны мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін арттыру мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы өз қызметінің негізгі бағыттары ретінде тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Осы орайда Шымкент қаласының прокуратурасының ұйымдастаруымен электронды вэйптердің жолын кесу мақсатында акция ұйымдастыралады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, электрондық тұтыну жүйелерін (вэйптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сақтау, тасымалдау, сату және тарату үшін қылмыстық жауаптылық (ҚК-нің 301-1-бабы) көзделген. Осыған байланысты және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы 2025 жылдың 3-5 қараша аралығында электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды ерікті түрде тапсыру жөніндегі профилактикалық акция өткізеді. Қабылдау пункттері қаланың барлық аудандарында жұмыс істейді. Әрбір азамат вэйптер мен сұйықтықтарды ешқандай салдарсыз және жауапкершіліксіз ерікті түрде тапсыра алады. Акцияға қатысушыларға естелік сыйлықтар мен тәттілер табысталады. Шымкент қаласының прокуратурасы қала тұрғындарын, әсіресе жастар мен ата-аналарды, вэйп қолданудан бас тартуға және жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады.
Jsk ақпараттық агенттігі
