2025 жылдың 10 мен 16 қараша аралығында республикалық «Жол қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері “Авиценна” медициналық колледж студенттеріне арналған қауіпсіздік сабағын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдағы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында еліміздің өңірлерінде дәстүрлі «Жол қауіпсіздігі апталығы» акциясы басталды. Бұл шараға полиция қызметкерлері, мектептер, қоғамдық ұйымдар және еріктілер белсенді түрде қатысады. Акцияның басты мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру және жолдағы тәртіпті нығайту. Полицейлер сабақ барысында құқық бұзушылық түрлері мен олардың салдары туралы айтып, нақты өмірлік мысалдар келтірді. Сондай-ақ заңды білудің және оны сақтаудың азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңызын түсіндірді. Мұндай кездесулер құқық қорғау органдары мен оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, жастардың жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Жол қауіпсіздігі, баршамызға ортақ жауапкершілік. Апта бойы өтетін акция жолда абай болу, ережені сақтау және айналадағы адамдарға құрметпен қарау қажеттігін тағы бір мәрте еске салады. Қарапайым сақтық шаралары, адам өмірін сақтап қалатын басты фактор. Апта бойы тәртіп сақшылары жолдарда рейд ұйымдастырып, жүргізушілерге жылдамдықты сақтаудың маңызы, мас күйінде көлік жүргізудің қауіптілігі және қауіпсіздік белдігін тағу қажеттігі туралы ескертті. Сондай-ақ арнайы жадынамалар таратылып, жиі кездесетін құқықбұзушылықтар түсіндірілді. Мектептерде оқушыларға арналған ашық сабақтар, жол ережелеріне қатысты викториналар және қауіпсіздік бойынша тренингтер өткізілді. Полицейлер балаларға жолды дұрыс кесіп өту, шағылыстырғыш элементтерді қолдану және велосипедпен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндірді. Акция қоғамдық көліктерге де бағытталды. Автобус жүргізушілерінің құжаттары, көліктің техникалық жағдайы және қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі тексерілуде. Полиция департаменті мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және қала тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Акция апта соңына дейін жалғасады.
Jsk ақпараттық агенттігі
