• 24 ноября, 2025 10:59 дп

Шымкентте полиция есірткі арнасын жойды

Автор:admin

Ноя 12, 2025

Есірткі – адамның денсаулығына, рухани әлеміне, қоғамға зиянды болатын қауіпті нәрсе. Ол тек адам өмірін қиып ғана қоймай, ұрпақ тәрбиесіне, елдің болашағынада теріс әсерін тигізеді. Біз есірткінің құрбаны болмау үшін, оның зиянын түсініп, жастарымызды осындай қауіпті заттардан қорғауымыз керек. Әрқайсымыз қоғамның жауапты мүшесі ретінде есірткінің таралуына қарсы тұрып, оны жасауымыз керек. Біз есірткіге қарсымыз өйткені біз өмірімізді денсаулығымызды және болашағымызды қорғаймыз. Бізге денсаулық маңызды. Біз жастарды есірткіден аулақ болуға, өз өмірін қадірлеуге шақыруымыз керек. Қазіргі кезде есірткіні таратушылармен есірткіні қабылдаушылар көп. Біз оларды тоқтатуымыз керек. Әр адамның өмірі өзіне қымбат. Біз жастарды жақсы іске үйретіп, жаман әдетке жоламауға, есірткіге жоламауына үйретуіміз керек. Есірткіге қарсы күрес – бұл біздің жалпы жауапкершілігіміз. Біз есірткіге қарсымыз, денсаулығымызбен болашағымыз біз үшін маңызды. Осы орайда Шымкентте полиция есірткі тасымалының арнасын жойды, — деп хабарлайды jsk.kz ақпараттық агенттігі.  Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмыстарымен күреске бағытталған кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруда. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 15 қазанда еліміздің өзге өңірлерінен Шымкентке есірткі жеткізудің арнасы анықталып, оның жолы кесілді. Күдікті ретінде Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Тергеу аясында Алматы облысы мен Алматы қаласында жүргізілген тексеру барысында жалға алынған тұрғын үй мен жасырылған орындардан жалпы салмағы 200 грамға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Тексеру нәтижесінде ұсталған әйелдің бұған дейін де есірткіні өткізу мақсатында жалға алынған автокөлікпен Шымкентке бірнеше рет келгені белгілі болды. Сонымен қатар 22 қазан күні құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірген жергілікті тұрғын анықталып, қолға түсті. Тергеу барысында оның өз үйінің ауласында жалпы салмағы 2,5 келіден асатын төрт түп сора өсімдігін баптап өсіргені белгілі болды. Аталған өсімдіктер толықтай тәркіленді. Қазіргі уақытта екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті азаматтарға есірткі айналымына қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және қоғамды бұл бағыттағы құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin