• 24 ноября, 2025 11:01 дп

Шымкентте «Заң мен Тәртіп» цифрлық сервисі арқылы құқық бұзушылар жауапқа тартылуда

Автор:admin

Ноя 12, 2025

«Заң мен Тәртіп» – Әділетті Қазақстанның идеологиялық тұғырнамасы. Бұл – Ата Заңымыздың мәнін ашатын тұжырым. Конституциямызда ең жоғарғы құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Құқық – бұл ізгілік пен әділеттілік өнері» деген сөздің терең мағынасына мән беріп, «Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет екенін» ерекше атап өтті. Меніңше, бұл идеологиялық тұжырым – қоғамдық асыл мұраттардың, әсіресе мәдени, адамгершілік, отбасылық, рухани және діни құндылықтарды, сондай-ақ еңбек ету, денсаулық сақтау, білім алу, меншік пен кәсіпкерлік бостандығы сияқты конституциялық кепілдіктерді сақтау қажеттілігін білдіреді. Сондықтан «Заң мен Тәртіп» – бұл жай ғана құқықтық ұғымдар емес, олар – қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, елдің гүлденуіне бастайтын өмірлік бағдарлар. Аталған қағидаларды ілгерілету мақсатында Үкімет осы жылы алдағы 5 жылға арналған арнайы Тұжырымдаманы бекітті. Оның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын арттыру, олардың құқықтық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуы, заң бұзушылықтарға қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру.Осы орайда Шымкент қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші «Заң мен Тәртіп» цифрлық сервисі арқылы түскен арыз негізінде жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғыны eGov Mobile қосымшасы арқылы көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай тудырғаны туралы полицияға хабарлап, жайттың бейнежазбасын жолдаған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қабылдады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тұрғындар полицияға құқық бұзушылықтар туралы хабарлауда жаңа сервисті белсенді пайдаланып келеді. «Заң мен Тәртіп» сервисі тәулік бойы жұмыс істейді және оқиға туралы ақпаратты полицияға ыңғайлы жеткізуге мүмкіндік береді. Арыз беру үшін eGov Mobile қосымшасын немесе бұл сервис қолжетімді кез келген банк қосымшасын ашып, «Заң мен Тәртіп» белгісін таңдап, қысқаша форманы толтыру жеткілікті. Онда құқық бұзушылық түрі мен оның орын алған жері көрсетіледі. Кейін ақпарат полиция органдарына түседі. Сервис іске қосылғалы Шымкент қаласының полициясына азаматтардан шамамен 1400 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу, жол-көлік оқиғалары және өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin