Онда еуразиялық интеграцияны дамытудың, оның ішінде өнеркәсіптік кооперацияны, технологиялық дамуды, кедендік реттеуді, экономикалық тұрақтылықты, цифрлық трансформацияны, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың кең ауқымды мәселелері қаралды.
Ресми делегация басшылары: Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян пікір білдіріп, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттерден – Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Оскар Перес-Олива Фрага сөз сөйледі.
ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды. Қабылданған шешімдер интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға және мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.
ЕҮАК-тың келесі отырысы биыл 6-7 тамыз күндері Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өтеді.
📱 @KZgovernment
