• 30 апреля, 2024 12:37 дп

Шымкентке тартылған инвестиция көлемі 84,8 милиард теңгені құраған

Автор:admin

Май 11, 2023

    Жыл басынан бері Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі 84,8 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6 пайызға өскенін көрсетеді. 

Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының экономикасына 2,5 триллион теңгенің инвестициясы тартылса, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 17 жоба жүзеге асты. Бүгінге дейін фронт-кеңсенің қызметіне 1941 азамат жүгінген. Атап айтқанда, «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы бойынша – 427, сауда орындары бойынша – 115, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 104, қаржылай емес қолдау қызметі бойынша – 522, кәсіпкерлерлерді тіркеу бойынша – 103, бизнес-жоспар әзірлеу бойынша – 127, кәсіпкерлердің салық және статистикалық есебіне көмек көрсету бойынша – 120, мемлекеттік сатып алу порталына тіркелу мәселелері бойынша – 36, кәсіпкерлік бойынша оқытылғандар саны – 136. Қалада 427 га. аумақта «Шымкент Сити» қала құрылысы үлгісіндегі жаңа алаң құру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жеке инвесторлар есебінен 17,2 млрд. теңгеге 1036 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде («Дамдесқұрылыс Инвест» ЖШС, «Элит Строй Компания» ЖШС). Аталған 13 үйдің 10-ны келесі жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, заманауи көпқабатты тұрғын үй, бизнес-орталықтар, әкімшілік ғимараттар, саябақ салуға «BiGroup», «HighvillKazakhstan» компанияларымен 363,4 млрд.теңгеге жеке инвестиция салуға келісім жасалды. «Шымкент Сити» жобасы іске асырылған жағдайда қала экономикасына 1 млрд. АҚШ долл. инвестиция тартылып, 56 мың азамат баспанамен қамтылады. Бекітілген межені орындау үшін қалаға тартылатын инвестицияны 32%-ға арттыруды көздеп отырмыз. Жоспар бойынша биыл 721,7 миллиард теңге инвестиция тартылатын болады. Мегаполисте 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн.теңгеге 227 инвестициялық жобалардың базасы жасақталғанын, осының нәтижесінде Шымкентте тағы 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатынын айтып өтті. Оның ішінде жыл соңына дейін 129 млрд.теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба іске асырылып,  2500 жаңа жұмыс орны құрылады.

Jsk ақпарат

Автор: admin