• 15 марта, 2026 6:18 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

Бүгін таңғы сағат 07:00-де Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы 78 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес өз жұмысын бастады. Аудандағы жалпы сайлаушылар саны – 120 202 адам. Барлық референдум учаскелері заң талаптарына сәйкес толық жабдықталып, дауыс беру процесін ұйымдастыруға дайын. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының референдумға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында дауыс берушілерге ақпараттық шақыртулар таратылып, сондай-ақ қысқа SMS хабарламалар жолданды. Әл-Фараби ауданының тұрғындары өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, маңызды саяси науқанға белсенді қатысады.

Автор: admin