• 24 ноября, 2025 10:59 дп

Шымкент қаласы: Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасында жеке құрамның саптық байқауы өтті

Автор:admin

Ноя 12, 2025

Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Осы орайда қоғамға полицияның маңызды мамандық екенін түсіндіру бағытында Шымкент қаласы полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының ғимаратында жеке құраммен саптық байқау өткізілді. Іс-шараға департамент басшылығы мен Әл-Фараби АПБ-ның жеке құрамы қатысты. Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов формалық киімді, жетондар мен төсбелгілердің болуын, қызметтік куәліктердің сәйкестігін, сондай-ақ қызметкерлердің саптық даярлығы мен сыртқы келбетін тексерді. Қызметкердің сыртқы келбеті – оның ішкі тәртібі мен кәсіби біліктілігінің көрінісі. Саптық байқау салтанатты шерумен аяқталды. Иә, Қазақстан полициясының құрылып, ел мүддесі, ұлт болашағы, қоғам қауіпсіздігіне қызмет етіп келе жатқанына 33 жыл уақыт өтіпті.  Біле — білгенге бұл аз уақыт емес. Қазақстан полициясы еліміздің қоғамдық қауіпсіздігінің, тәртіпті қамтамасыз ету мен сақтаудың, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғаудың, қылмысқа қатаң талап қоюмен қатар қабілеттілігі мықты мемлекеттік жүйе болып табылады. Қазақстандық полицияның қалыптасуы, басты игілігіміз – ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтап қалуымыз болып табылады. Және ол мемлекетіміздің даму тарихымен тығыз байланысты. Тұлға мен қоғамдық құндылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптасуының шарты. Қазақстан Полициясы күні – қазақстандық полицияны қалыптастыруға жан аямай күш салғандар мен оның қатарында қызмет етушілерге деген алғыстың белгісі. Бұл – өз ісіне деген адал қызметімен халықтың қадіріне ие болған полиция ардагерлеріне алғыс. Суға батқан баланы құтқару, қызыл жалынға оранған үйден адамдарды шығару, қарт адамға дереу көмек көрсету. Бұл қазіргі тәртіп сақшыларының күнделікті өмірде жасап жатқан ерліктерінің бір бөлігі ғана.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin