• 24 ноября, 2025 8:41 дп

Шымкент қаласы: Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында кездесу өтті.

Автор:admin

Ноя 15, 2025

Іс-шараның мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Самал Бахтияр қатысып, жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға бағынудың маңыздылығы және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқық. Заң. Құқықтық сауаттылық. Бір кездері бұл сөздер әрбірімізге таңсық болды. Өйткені арнайы заң қызметкерлері ғана жоғарыдағы сөздердің мағынасын білетін. Ал қазіргі техниканың дамыған заманында адамдардың көбі өз құқығын білу үшін заңдарды қарап, сауаттылықтарын арттырып жүр. Бүгінде құқық саласы әрбірімізге керек болып тұр. Құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың өз құқықтарын қорғауы мен міндеттерін орындауы үшін қажет маңызды құрал. Біздің қоғамда жастардың құқықтық білімін жетілдіру арқылы ғана құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі құқықтық сауаттың төмендігімен байланысты. Сондықтан жастарды ерте жастан заңға құрметпен қарауға және заңды дұрыс түсінуге үйретуіміз керек. Сонымен қатар, кездесу барысында мамандар жастарға зиянды заттардың қауіптілігі, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, жеңіл ақша табудың құрбандарынан, сондай-ақ интернет алаяқтық, микрокредит сияқты заңсыз істерден мысалдар келтірді. Шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды. Сонымен қатар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жолдары, заңнамалық өзгерістер мен жаңа бастамалар талқыланды. Жиын соңында қатысушылар қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін жастардың белсенділігі мен саналы азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтіп, құқықтық білім беру жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты. Мамандар алдағы уақытта да ауқымды шараларды ұйымдастырып, студенттердің заңды білуге деген қызығушылығы арттыруға, олардың қоғамдағы рөлін айқындалуына өз үлестерін қосуға ниетті. Жиын барысында спикерлер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, олардың қоғамдағы рөлін айқындауға бағытталған пікірлерімен бөлісті.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin