• 30 апреля, 2024 8:15 пп

Шымкент экономикасы: қымыз саудасы қызықтырады!

Автор:admin

Май 15, 2023

Шымкентте қымыз саудасы қызып тұр. Бұған дейін де сұраныстан кенде болмаған ұлттық сусынға қазіргі таңда сатып алушылар еселеніп кеткен. Мұны бие сүтін кәсіпке айналдырғандар да мойындап отыр. Сөздерінше, соңғы күндері саумалды сұраушылар көбейген. Осыған байланысты оның бағасы да артыпты. Бұған дейін литрі 600-700 теңгеге саудалаған қымыз қазір 1000 теңгеге бір-ақ жеткен. Кәсіп иелері бағаның артуын сұраныстың көбеюімен байланыстырады. Осылай деген қымыз саудагерлерінің жұмысы қазір қызып тұр. Сөздерінше ел емді ұлттық сусыннан іздей бастаған. Және ол бекер емес. Нәтиже бар. Осыдан болса керек, қазір Шымкенттегі қымызханалардың алды кезекке толы. Патшагүл Айдарқұлова, жеке кәсіпкер: «Бүгінде қымызға сұраныс артып отыр, жақсы болып кетіп жатыр. Әсіресе жастардың саны өте көп. Ұлттық сусынға қызығушылардың саны жыл өткен сайын көбейіп отыр. Емдейді адамды. Бронханы емдейді. Өз басым мұздайлықтан ауырып қалдым. Соны осы алып шықты. Бір стақандап іштім. Содан жақсы болып кеттім» ; —  дейді кәсіпкер апамыз. Ұлттық тағамды кәсіпке айналдырғандардың бірі – Айтбаевтар отбасы. Сөздерінше соңғы күндері бие сүті қалмайтын болған. Жұрт саумалы үшін таңғы 7-ден бастап келеді. Осыған байланысты баға да құбылған. Шоқан Айтбаев, жеке кәсіпкер: «Бұрынғымен салыстырғанда көп кетіп жатыр. Түске шейін болып жатыр. Түстен кейін тіптен қалмайды да. Адамдарға жетсін деп бәріне 1,5   литрден құйып беріп жатырмыз. Баға өзгергенде барлық жерде мың теңгеден сатып жатыр. Бізде сәл екі жүз теңге арзан жұрттардікінен. 800 теңгеден сатып жатырмыз. Базарға қарап жұмыс істейміз біз де. Еңбегіміз бар. Жұмысшыларымыз бар. Сауыншыларымыз бар». Бірақ, жұрт бағаның құбылғанына сабырмен қарайды. Бастысы деніміз сау болсын деген тұрғындар ұлттық сусыннан асар ем жоқ дейді. Сондықтан да бірі шұбатты, енді бірі қымыз алуға келген. Қымыз ішуге дәрігерлер де кеңес береді.  Айта кетейік, көптеген дертке шипа саналатын ұлттық сусынның бағасы қазір Шымкентте 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін көтерілген.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin