• 24 ноября, 2025 9:24 дп

Шымкент полициясында жеке құрамның саптық байқауы өтті

Автор:admin

Ноя 14, 2025

Қоғамның бет-бейнесі саналатын по­лиция қызметкері кәсіби жол­да ұқып­сыздыққа, немқұрай­ды­лыққа бой алдыр­мағаны жөн. Оның мі­нез-құлқынан, жана­шырлық пен аза­маттықтың исі аңқып тұруы керек-ақ. Шымкент қаласы полиция департаментінде жеке құраммен саптық байқау өткізілді. Іс-шараға департамент басшылығы мен барлық жеке құрам қатысты. Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Мәулен Ахметов формалық киімді, жетондар мен төсбелгілердің болуын, қызметтік куәліктердің сәйкестігін, сондай-ақ қызметкерлердің саптық даярлығы мен сыртқы келбетін тексерді. «Мұндай саптық байқаулар полицейлердің саптық мәдениетін арттырып, тәртіп пен жинақылықты нығайтуға ықпал етеді. Тәртіп сақшысының ұқыпты сыртқы келбеті азаматтардың сенімін қалыптастырып, полиция органдарының беделін көтеруге мүмкіндік береді», — деді Мәулен Ахметов. Қызметкердің сыртқы келбеті – оның ішкі тәртібі мен кәсіби біліктілігінің көрінісі. Саптық байқау салтанатты шерумен аяқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында заң және құқық саласын реформалаудың бірнеше жолын ұсына келіп, полиция, прокуратура мен сот қызметін жіктеп берген болатын. Әсіресе азамат­тар­дың қауіпсіздігі мен құқы­ғы бірінші орында тұруға тиіс еке­нін баса айтты. Президент өз сө­зінде: «Құқық қор­ғау жүйесінің жұ­мысында ескі­лік­тің сарыны жойылмағандықтан, тек айып­тау жағы басым. Азаматтардың негіз­сіз қыл­мыстық қудалауға түс­кен кездері болды. Қылмысты анық­таған жедел уәкіл мен процессуалды шешім шы­ғара­тын тергеуші бір бас­шыға бағы­нады. Ал оған қыл­мысты жылдам ашып, сотқа жібе­ру маңызды. Алайда көрсеткіш қуамыз деп азаматтардың құқығын таптап, бостандығын шектемеу керек» деген болатын. Бірер күн бұрын ішкі істер са­ласының қызметкерлері үшін ақ­жолтай жаңалық жарияланды. Президент тапсырмасына сәй­кес өңірлерде жергілікті полиция қыз­меті мен қоғамдық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету бойынша учаскелік инс­пекторлардың жұмысын жандандыру мәселесіне айрықша мән беріліп отыр. От пен оқтың ор­та­сында жүрген азаматтардың өмі­ріне төнетін қауіп те көп. Ауыр жел­­дің өтінде арманынан алыс­тап қалғандар қаншама. Тұтас ел аумағын айтпағанның өзінде, полицияның жұмыс кестесі аз емес, тәртіп сақшыларының беделін көтеріп, жұмысын жүйелі орындауы, бұл қоғамның мамандыққа деген құрметін арттыратыны сөзсіз.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin