• 5 мая, 2025 10:21 пп

ШЫМКЕНТ: 9 мамыр — Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Автор:admin

Май 5, 2025

 

Шымкент қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік кеш ардагерлерге ерекше көңіл бөлу және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілді.

Іс-шара аясында 300 ардагерге арналған арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік фуршет ұсынылды.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстар мен Чернобыль апатының ардагерлері әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара барысында батырларымыздың ерлігі мен өмірлік жолы жастарға үлгі ретінде баяндалып, олардың көрсеткен қайсарлығы мен отаншылдығы ерекше атап өтілді.

Бүгінгі таңда Шымкентте ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 АЕК немесе 176 940 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қаралған жалпы сома – 29,4 млн теңге. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1272 АЕК немесе 5 001 504 теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек аударылды. Бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10,0 млн теңге.

Автор: admin