• 14.05.2026 20:31

«ТӘРТІП – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Май 14, 2026

 

«Тұран» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Әл-Фараби аудан прокуратурасының Мемлекеттік айыпты қолдау бөлім прокуроры Нұрдаулет Ақылбекұлы Алжан, Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері полиция капитандары Бахытжан Турсунбаевич Бекбаев пен Ердаулет Қанатұлы Ералиев, сондай-ақ Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Самал Бахтыяр қатысты.

Кездесу барысында жастарға интернет алаяқтық, киберқауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және заң талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

Автор: admin