• 12 января, 2026 10:34 дп

Түркістанның руханият пен келісім алаңындағы рөлі

Автор:admin

Дек 19, 2025

Түркістан қаласы, сонау IX-XI ғасырлардан-ақ Қазақ жеріндегі түрлі хандықтар мен ұлыстар үшін ғана емес, күллі Түркі әлеміне рухани және діни дәстүрлердің қасиетті орталығы қызметін атқарды. Көне шаһар ғасырлар бойы сопылық ілім мен түрлі-мәдени көзқарастардың тоғысқан жері болған, және арқылы ол дінаралық толеранттықтың символына айналғандай. Ал біз бүгін Түркістанның осы рөлі туралы тарихи-көпқырлы сипаттамалардан ада, осы шақтағы дін саясатындағы алатын орыны мен қалдағы оның алатын орынын зерделеп көрмекпіз.

2025 жылы Түркістан қаласы-Қазақстандағы рухани-мәдени әрі қоғамдық келісімнің көрініс табатын маңызды алаңға айнала білгендей. Сан алуан, діни-саяси мерекелерінен бөлек, бірлік пен ұлтаралық татулықты көрсетуге бағытталған іс-шаралар киелі қаладан ерек мән тауып, жыл сайын жаңа мағынаға ие болып келе жатыр. Бұл мақалада біздің редакция осындай ірі шаралардың Түркістанда қалай өткеніне, оның әлеуметке әсеріне шолу жасаған болатын.

Қазақстан халқының бірлігі күні (1 мамыр, Түркістанда қалай өтеді)

«Тұрақтылық – татулық тұғыры» атты мерекелік шара өтті. Бұл жиында этномәдени бірлестіктердің, шығармашылық ұжымдардың өкілдері, өңір тұрғындары жиналып, этносаралық бірліктің символы ретінде қолөнер көрмесі ұйымдастырды. Мұндай көрмелер әлеуметке өзге ұлыстардың мәдениетіне жақындауға, олардың жақсы жақтарын өз мәдениетімізге ыңғайлап, қажеттілік болса оны қолдануға мүмкіндік беретін бірлік алаңы.Мұндай іс-шаралардың көптеп өтуі-қоғамдық һәм ұлтаралық келісімді нығайтуға, түрлі ұлттар мен діни топтардың арасында диалог пен достықты дамытудың өзіндік бір әдісі ретінде қызмет етіп келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясындағы жобаларға тоқталсақ

2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығын мерекелеу шаралары Түркістан облысында да ерекше өтті.  Ассамблеяның құметіне- «Достық мекені», «Жақсы көрші тынысың», «Жаңа қала» және басқа тележобалар, сондай-ақ жастарға, қоғамдық салаға арналған іс-шаралар жоспарланып, сәтті орындалып жатыр. Жоба мемлекеттік және қоғамдық институттар арқылы ұлтаралық бірлік пен жалпыұлттық құндылықтарды нығайтудың практикалық жолын көрсететін функцияны атқарып отырғаны айқын байқалады.

Республика күні  Түркістанда: “Қыран елім – Қазақстаным!”

25 қазанда Түркістанда Республика күніне арналған “Қыран елім – Қазақстаным!” атты салтанатты шара өтіп, онда түрлі рухты көтеретін әндер шырқалып, өңір өнерпаздары ұлттық әнұранмен Тұран даласын тербетті. Ел игілігі үшін қызмет еткен Алаштың арадақтылары туралы естеліктер де айтылды. Осындай шаралар жас ұрпаққа жеңіл түрде есте қалатын ақпараттар мен жүректе сақталатын әуендер арқылы туған жереге деген махаббат сезімін нығайта бермек.

Жылдың басты оқиғасы: Түркістан қаласының мәртебесін заң тұрғысынан нығайту

Осы жылдың наурызында “Түркістан қаласының ерекше мәртебесі” туралы заң қабылданды.  Бұл заң Түркістан қаласы мен ондағы тарихи-мәдени, жергілікті халық арасындағы рухани мұраны сақтау мен насихаттау, ұлттық және діни құндылықтарды қорғап, ұрпаққа жеткізу міндеттерін тағы бір еске салып, келер жылдарға бағыт бергендей. Түркістан-Түркі жұртының құт дарыған мекені, көпшілікке сәуле болған киелі қала, ал  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі-ұлттық руханияттың айнымас символы, оның мәртебесі біздің қоғамның біртұтастығын ғана емес, Түркі әлемінінің тұтастығын көрсетер алтын мұнара.

Түркістан — Қазақстандағы өзге өңірлермен салыстырған да, ұлтаралық және діни келісімнің ошағы болған, оны ғасырлар бойы биік тұғырынан түсірмеген діни-мәдени орталық мәртебесі бар қала еді. 2025 жылы қалада сол бір ғасырлар бойғы дәстүрді жалғасытартын бірнеше шаралар өтті, олар: Қоғамдағы диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға, діни және этносаралық бірлікті көрнекі түрде көрсетуге, мемлекеттік идеология мен тарихи-рухани құндылықтарды халық арасында дәріптеуге кішкентай болса да үлес қосқаны анық.

Қазргі шақтағы «Қазақстандық бірлік моделі» — бүгінгі Түркістан арқылы «руханият пен келісім» символына айналып, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында маңызды платформаға айналып келеді.

JSK Enter Media

Автор: admin