• 18 декабря, 2025 9:23 пп

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНАН АЛТЫН МЕН ҚОЛА МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

Автор:admin

Дек 18, 2025

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында ел намысын қорғаған түркістандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті. Бекасыл финалда Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.

Еркін күрестен 45 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен түркістандық тағы бір спортшы  Ағабек Бақдаулет те сенімді ақтады. Ол қола жүрлегер атанды.

Қола үшін белдесуінде жапониялық спортшыны 3:2 есебімен жеңді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin