Түркістан қаласында тұтынушылар құқығын қорғау негізінен «Сауда және интеграция бөлімдері» арқылы жүзеге асады. Бұл органдар өнім сапасын тексеру, қызмет көрсету стандарттарын бақылау және шағымдарды қарастыру бойынша қызмет атқарады. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғауда жергілікті атқарушы органдар мен тұтынушылар қауымдастықтары белсенді. Олар халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң аясында құқықтық кеңес береді.
Түркістан қаласында тұтынушылар құқығын қорғау – қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Түркімтан қаласындағы Сауда және интеграция бөлімінің мәліметінше қаладағы тұтынушыларға сапалы өнім мен қызмет көрсету кепілдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жергілікті деңгейде бірқатар шаралар жасалып отыр. Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, Түркістандағы тұрғындар өз құқықтарын қорғау үшін арнайы органдарға жүгіну мүмкіндігіне ие.
Қалада шағын және орта бизнес субъектілері үшін тұтынушылардың құқықтарын сақтау міндеті заң жүзінде қатаң талап етіледі. Егер өнім немесе қызмет сапасы стандарттарға сәйкес келмесе, тұтынушыға өнімді айырбастау немесе ақшаны қайтару мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, кейбір ірі сауда желілері мен нарықтарда тұтынушылар үшін арнайы «сенім телефоны» мен онлайн шағым жолдары жұмыс істейді.
Сарапшылардың пікірінше сенсек, Түркістандағы тұтынушылар құқығын қорғау жүйесі соңғы жылдары айтарлықтай күшейді. Бұл үрдіс тұтынушылардың сенімін арттырып, нарықтағы бәсекелестікті ынталандырады. Дегенмен, ақпараттық насихат пен құқықтық сауаттылықты одан әрі күшейту қажет, себебі кейбір шағын кәсіпорындар тұтынушылар талаптарын толық орындамай жатады.
Түркістанда тұтынушылар құқығы мемлекеттік бақылау, заңнамалық база және жергілікті орган жұмысымен қорғалады. Бұл шаралар сапалы тауар мен қызмет көрсетуге кепілдік беріп, тұрғындардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.
JSK Enter Media
