Түркістан қаласының 2025 жылы білім беру саласында ерекше бір оқиғалар орын алмаса да, жүйелі өзгерістер жоспар бойынша жүріп жатқаны көрінеді. Ашық дереккөздерге жүгініп, ізденгенімізде қалалық «Білім басқармасының» өңірлік жол картасында көрсетілгендей, 2024–2025 жылдар аралығында, облыста 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 99,7%-ға жеткен. Бұл дегеніміз өңірдегі балабақшалар саны артып, басқарманың мемлекеттік міндеттемелерді орындай алғанының, сол жұмыстарды жүйелі жүргізе білгендігінің цифрлы дәлелі деп білеміз. Ал инфрақұрылымдық тұрғыда да айтарлықтай өзгерістер баршылық: 2025 жылға дейін облыста 130 жаңа мектеп салу жоспары бекітілген еді. Қалада 2024–2025 оқу жылы үшін 16 жаңа мектеп пайдалануға берілген, бұл – «Келешек мектеп» ұлттық жобасының белсенді жүзеге асырыла бастағанының белгісі. «Келешек мектеп» ұлттық жобасының өңірдегі мектептер ауысымының азаюына, артық жүктемелерден арылуына үлесі бәрінен де басым. Мектеп тапшылығын шешуге бағытталған бұл жобаның игілігін тұтас ел аумағы көретін болады.
«Жаңадан бөлек, пайдалануға берілгеніне біршама уақыт болған білім ордаларына да, жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыста 300-ден аса білім беру нысаны күрделі немесе ағымдағы жөндеуден өткен, сол арқылы оқу орны инфрақұрылымын нығайту көзделіп отыр»,- дейді басқарма мамандары. Бұған қоса, видеобақылау жүйелері орнатылып, мектеп қауіпсіздігін жақсарту бағытында да жұмыс істері белсенді жүріп жатыр.
Әдеттегідей, оқу үдерісінің сапасын көтеру шаралары да назардан тыс қалмаған. 2024 жылы «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында Түркістанда 29 мектеп пайдалануға беріліп, 2025 жылы тағы 34 жаңа мектеп салу жоспарланған. Бұл бастама бір-біріне жақын орналасқан ауылдар мен қалалық аудандардағы үш ауысымды және апатты мектепдердің мәселесін шешуді көздейді. Сонымен қатар түлектер саны да өскен: 2024–2025 оқу жылында Түркістан облысында 33 884 оқушы 11‑сыныпты аяқтады, оның ішінде 2 313 «Алтын белгіге» үміткер және 2 400 үздік аттестат алуға үміткер оқушылар бар. Бұл жоғары көрсеткіш, әрине дерлік өңірдегі білім деңгейінің артуын айқындап-ақ тұр.
Тіл саясаты мен қосымша білім беру бағытында да маңызды қадамдар бар. Мектеп алдында қазақ тілінде оқыту мен дамытуды қолдау, қосымша біліктілікті арттыру арқылы педагогтарды дайындау жоспары жол картасында көрсетілген. Сонымен қатар, 2025 жылғы 22 тамызда облыс білім басқармасынан білім беру ұйымдарында денсаулықты нығайтуға бағытталған қысқа дене шынықтыру жаттығулары тұрақты түрде енгізілуі тиіс деген нақты-тапсырмалық нұсқауы шығып, оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру шаралары қарқын алды. Ал «Тіл саясаты саласында» Түркістанда үлкен дебаттарға жол берілетін мәселе – мемлекеттік тілдің қолданысы мен оқыту. Қалалық білім беру жүйесінде қазақ тілін дамытуға күш салынғанымен, кейбір пікірлер де бар: Reddit сынды әлеуметтік платформаларда «мемлекеттік мектептерде қазақ сыныптарының көбейтілуі тиіс екен» деген талаптар жиі кездеседі. Бұл сұрақ әлі де өзекті, және әкімдік пен білім басқармасы тарапынан тұрақты мониторинг пен бейтарап саясат қажет екені байқалады.
Осылайша, Түркістан қаласында білім беру саласындағы 2025 жылғы бағыттар-инфрақұрылымды кеңейту, мектеп санын көбейту, білім сапасын арттыру және тіл саясатын нығайту-нақты жоспарланған және белсенді жүзеге асырылып жатқан бастамалар қатарынан табыла бермек. Әманда бұл өзгерістер өңірдің білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, болашақ ұрпақтың білім алу мүмкіндігін кеңейтуге үлес болары анық.Түркістан қаласының білім саласына салынған инвестицилық және адами ресурстар күші-қаланың келешек стратегиялық дамуында маңызды рөл атқара береді деген үміттеміз.
JSK Enter Media
