• 18 декабря, 2025 9:37 пп

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІ» ДОМБЫРАШЫЛАР ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ

Автор:admin

Дек 18, 2025

Өнер, мәдениет саласындағы қызмет аясында Түркістан қаласындағы NIS Turkistan білім ұясында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы өтті.

Іс-шара барысында күмбірлеген домбыра үні мен асқақ рухқа толы күйлер көрерменнің жүрегіне жол тартты. Жас домбырашылар «Нәр ағашы», «Келіншек», «Жастар биі», Құрманғазының «Балбырауын», «Ер Тұран» және Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындап, көрермендерге рухани қуат сыйлады.

Бұл шара ұлттың мәдени мұраны дәріптеп, жастар бойында елге деген сүйіспеншілікті одан әрі нығайтты.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған шараның жоғары деңгейде өтуіне Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдау көрсетті.

Флешмобқа қатысқан әрбір жас орындаушы өз өнерімен көрермендерді тәнті етті, ал шеберлікті көрсеткен ұстаздар олардың дайындық процесінде ерекше рөл атқарды.

Іс-шара барысында домбыра өнерінің тарихы, оның халық мәдениетіндегі орны мен маңызы туралы қысқаша таныстырулар мен әңгімелер өткізілді, бұл жас буынға ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттырды.

Шара соңында қатысушыларға алғыстар мен сертификаттар табыс етіліп, болашақта осындай рухани іс-шараларды жиі өткізуге ниет білдірілді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin