• 12 января, 2026 4:37 дп

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Автор:admin

Дек 20, 2025

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022–2025 жылдар аралығында білім беру саласында сапаны арттыру, жаңа оқу орындарын ашу және инфрақұрылымды жаңарту туралы бірнеше маңызды тапсырма берді. Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім беруді жаппай қолдауды, орта білім сапасын көтеруді, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды басты бағыт ретінде белгіледі. Президенттің бұл бастамалары елімізде білім беру жүйесін жаңғыртуға, баланың жан-жақты дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты саясат.

 

Түркістан қаласында да бұл тапсырмалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылға дейін облыс бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 99,7%-ға жетті. Қалада балабақша тапшылығы аса қатты емес. Яғни 100 пайыздың бәрі түгел қамтылды деуге болады. Қалада 2024–2025 оқу жылында 16 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал жалпы Түркістан облысында 130 мектептің құрылысын аяқтау жоспары сәтті жүзеге асып отыр. Бұл шаралар «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асып, мектептердегі ауысымдық пен оқушы жүктемесін азайтуға оң ықпал етті.

 

Мектеп инфрақұрылымын жақсарту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылға дейін облыста 300-ден астам білім беру нысаны күрделі немесе ағымдағы жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары тек ғимараттарды жаңартумен шектелмей, қауіпсіздік және заманауи оқыту құралдарын енгізуді де қамтиды. Мектептерде видеобақылау жүйелері орнатылып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары белсенді түрде жүргізіле бермек. 2024–2025 оқу жылында Түркістан облысында 33 884 оқушы 11-сыныпты аяқтады, оның ішінде 2 313 «Алтын белгі» үміткер және 2 400 үздік аттестат алуға үміткер оқушылар боды, 2025-2026-шы жылдан да үміт көп. Бұл көрсеткіштер өңірдегі білім деңгейінің өсуін айқындап, Президент тапсырмасына сәйкес оқушылардың халықаралық стандарттарға сай дайындалуына негіз қалайды. Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін  «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы бойынша тағы 34 жаңа мектеп салынбақ, бұл үш ауысымды және апатты мектеп мәселесін шешудің басты жолы.

 

Түркістандағы мектепке дейінгі білім беру саласында да жүйелі қадамдар бар. Балабақшаларда қазақ тілінде оқыту бағдарламасы кеңінен қолданылады, педагогтар үшін қосымша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, заманауи әдістемелер енгізілген. 2025 жылғы 22 тамызда облыс білім басқармасынан денсаулықты нығайтуға бағытталған қысқа дене шынықтыру жаттығулары тұрақты түрде енгізілуі тиіс деген нақты тапсырма берілді. Бұл бастама оқушылардың физикалық белсенділігін арттыруға, спорттық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

 

Тіл саясатына байланысты да бірқатар маңызды жаңалықтар бар. Мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту, қазақ тілінде оқытуды дамыту Түркістандағы білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі..

 

Президент Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру де басты міндет. Түркістан қаласында педагогтарды оқыту бағдарламалары енгізілді, оларға жаңа методикалық құралдар, цифрлық платформалар және халықаралық тәжірибелер ұсынылады. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы оқушылардың білім сапасы жақсарады, инновациялық білім беру әдістері қолданысқа енеді.

 

Сондай-ақ, мектептерде қосымша білім беру бағытында да жаңалықтар бар. Түркістан қаласында шығармашылық, IT, робототехника және спорт секциялары кеңейтіліп, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалды. Қаладағы білім беру экожүйесі цифрландыруға да бет бұрған: электрондық журналдар, онлайн сабақ платформалары, оқу процесін автоматтандыру жүйелері енгізілуде. Бұл Президент тапсырмасының талабына сай, білім беру сапасын арттыру мен оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған қадамдар қатарында.

 

Осылайша, Түркістан қаласында мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту реформалары нақты жүзеге асырылып жатыр. Инфрақұрылымды жаңарту, жаңа мектептер салу, оқушылар мен педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, мемлекеттік тілді дамыту және денсаулықты нығайтуға арналған іс-шаралар 2025 жылы жүйелі түрде іске асып отыр. Бұл бастамалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай білім беру саласын жаңғыртуға және Түркістандағы балалардың сапалы білім алуына айтарлықтай үлес болмақ. Қаладағы білім беру жүйесіне салынған адами және қаржылық ресурстар Түркістанның стратегиялық дамуына, жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігіне және еліміздің білім беру стандарттарын көтеруге маңызды ықпал етеді.

JSK Enter Media

Автор: admin