• 23.08.2026 20:56

ТҮРКІСТАНДА КӘСІБИ БАЛЕТ БИШІЛЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Автор:jsk.kz

Авг 23, 2026

 

Түркістан қаласындағы №116 сайлау учаскесіне кәсіби балет әртістері келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Көк түсті біркелкі костюм киген өнерпаздар сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс беру рәсімінен өтті. Кәсіби бишілердің ерекше киім үлгісіндегі ұйымдасқан түрде келуі сайлау учаскесіндегі көпшілік назарын аударды. Балериналар өздерінің азаматтық таңдауын жасап, дауыс беру құқығын пайдаланды.

Айта кетейік, Түркістан қаласында Құрылтай сайлауына қатысу үшін 68 сайлау учаскесі жұмыс істеп түр. Оның 66-сы ашық, 2-еуі жабық нысанда. Қала бойынша 136 602 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Автор: jsk.kz