• 15 марта, 2026 6:03 дп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНЕ АЛҒАШ КЕЛГЕН АЗАМАТТАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

Түркістан облысындағы референдум учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден басталды. Көптеген учаскелерде алғашқы болып келіп, өз таңдауын жасаған азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл бастама тұрғындарды ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жалпы, Түркістан облысындағы 1 мыңға жуық референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңір тұрғындарына саяси науқанға қатысу үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, Республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшелері тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше).

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin