Түркістан облысының полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар барысында Төлеби ауданында кір суды көшеге төгіп, қоғамдық аумақтың ластануына жол берген тұрғынды анықтады. 38 жастағы азаматша үйінен шығатын кір судың құбырын көшеге бағыттаған. Салдарынан ағын су көшеге жайылып, тазалық талаптары бұзылған.
Мұндай әрекеттер санитариялық талаптардың бұзылуына әкеліп қана қоймай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп, адам өмірі мен қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін.
Учаскелік полиция инспекторлары тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарына сай әкімшілік шара көрді. Нәтижесінде азаматша өзінің заңсыз әрекетін түсініп, құбырын ретке келтірді.
Жыл басынан бері ауданы аумағында тазалық талаптарын бұзған 1000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар полицейлер тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және күмәнді жағдайлар туралы полицияға дер кезінде хабарлау жөнінде түсіндіруде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

